Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
479
664
764520

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы! Бірліктегі күші

2016 жылдан бастап, Қазақстанда Республика Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 Жарлығымен бекітілген  жаңа мейрам – Алғыс айту күні  жарық көрді. Дәл осы құжатпен осы күнді ресми түрде жыл сайын мерекелеу күні – 1 наурыз да бекітілді. Осы күнді тағайындау бастамасымен Қазақстан Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев өзі шықты. 2015 жылғы сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының 22-ші сессиясында сөз сөйлегенде, оның 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде ол Республикада Алыс айту күнін атауды ұсынды.Сол күннен бастап көктемнің алғашқы күні – ел халқы бір-біріне және қазақтарға елге жер аударып келген көптеген ұлыстар қонақжайлығы және төзімділігі үшін алғыс айтатын мейрам сияқты аталады.

 

Қазақстанның қазіргі кездегі көп ұлтты жанұясы – Республикаға әр алуан жылдары толық ұлттар жер аударған, Кеңес билігінің саясатымен туындаған бірнеше көш-қон толқындарының нәтижесі екендігі  құпия емес. Және де астарлап айтқанда осы ұлттардың өкілдерін мидай далаға вагоннан түсіріп алған, ал қазақ отбасылары өздері қиындық көріп жатса да, өздерінің саманнан соғылған үйлеріне қабылған.

Сондықтан осы мерекені бекіту – бұл барлық ұлыстардың бір-біріне және осы адамдардың өздерінің туғандарыдай қарсы алып мейірімдерін білдірген қазақтарға деген алғысы және құрметі. «Өз тарихыңды біл және мақтаныш ет» - бұл осы мерекенің негізгі сәлемі. Осы Күннің мақсаттарының бірі -  өсіп келе жатқан ұрпақта толеранттық, достық қатынас және бір-біріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанда этика аралық келісім мен ұлт арасындағы бірлікті нығайту. Кез келген үлкен және шағын ұжымда бір-біріне иық тіресіп әр ұлттың мамандары еңбек етуде.  Солай, аумақтық ТЖ органында 10 ұлт өкілі жұмыс жасайды. Бұл қазақтар, орыстар, украиндар, белорустар, татарлар, немістер, башкирлар, ингуштар, поляктар және балкарлар. Азаматтық қорғау жүйесінде Павлодар ауданы ТЖ бөлімінің бас маманы азаматтық  қорғау подполковнигі Анжелика Владимировна Домарацкая  адал қызмет атқаруда,  ол поляк ұлтының өкілі. Голубь Денис Анатольевич украин, Наталья Петровна Двинянина белорус, Нина Яндиева ингуш, Ринат Райисович Халимов татар, олардың барлығы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлімшелерінде қызмет өткеруде. Қызметтің жас қызметкері Гросс Мирас интернационалды жанұяда тәрбиеленген, әкесі неміс, анасы қазақ. Бірақ та олардың барлығын туған елі -    Қазақстан Республикасына деген татулық пен махаббат біріктіреді.

К.Х. Асқарова – Павлодар облысы төтенше жағдайлар бөлімшелері ардагерлерінің төрайымы

Система Orphus