Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
163
340
777325

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы! Құрметпен және аброймен демалысқа шығарып салды

Демалыс – ол әрқашанда жақсы, әсіресе ол маңдай терімен тапқан көпжылдық еңбек болса құрметті болады. № 33 өрт сөндіру бөілімінің басшылығы және жеке құрамы салтанатты түрде, қошеметке иеленген жағдайда азаматтық қорғау прапоршигі Ануарұлы Серік Смағұловты, азаматтық қорғау старшинасы Ыбрайұлы Ержан Кәрібаевты, Оралтайұлы Қуаныш Айдаргалинді, Социалұлы Ержан Жұматаевты, Көкешұлы Қайрат Шотобаевты құрмет демалысына шығарып салды. Іс-шара болашақ ардагерлердің туыстары және жеке құрамның қатысуыменөрт сөндіру бөлімі орналасқан Ленин кентінің Мәдениет үйінде өтті.

 

Бұл қызметкерлер қызмет жылдары бойы қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарында қызметтерін атқарып жатқан – бірғана жас құтқарушылар буынын тәрбиелеп-оқытқан жоқ. Бірінші бөлімде шараның ұйымдастырушылары құрмет демалысына шығарып салып жатқан, әр қызметкердің автобиографиясы туралы  бейнероликтерді көрсетті. Көрсетілім залды эмоцияға және ду қошеметке әкелді.

Кейін құттықтау сөзімен Ленин кентінің әкімі – Д. Тайгуллин шықты. Дәулет Амангелдіұлы өзінің және барлық кент халқының атынан өрт сөндіруші-құтқарушылардың бірнеше батыл әрекеттері үшін үлкен алғысын білдірді. Құттықтауларымен және игі тілектерімен өрт күзетінің ардагері Зекенұлы Ыбрай Кәрібаев, өрт сөндіру бөлімінің бастығы және орынасары Рауан Мұқышев, Қайрат Тілеубалдинович сөз сөйлеп, құқық қорғау органдарында қызметте жеткен жоғары жетістіктері мен кәсібиліктерін ерекше атап өтті. Құттықтау сөздерімен қатар оларға дипломдар, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Бұдан әрі салтанат жылы әрі көңілді орынға айналды. Әріптестердің құттықтау сөздері, би және ән шашуларымен кезектесіп отырды. Салтанаттың иелері барлық келушілерге үлкен алғыстарын айтып, өрт сөндіру бөлімінің жас қызметкерлеріне естелік сыйлықтарын табыс етті. 

«Павлодар облысы Төтенше жағдайлар

департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмстары қызметі» ММ №33-өрт сөндіру бөлімі 


Система Orphus