Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
19
574
778907

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы: Құтқарушылар Артем Клеванда қонақта

19 қазанда аталатын Құтқарушы күнінің кәсіби мерекесі қарсаңында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері - жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Ерқанат Аққозинов, Өрт сөндіру қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің инженері Дәулет Қайырбеков "Ирбис" телеарнасының "FreshТаң" танымдық бағдарламасына қатысты.

 

Бағдарлама жүргізушісі Артём Клеван бағдарламаға шақырылған қонақтардан олардың күнделікті жұмысы, олар осы мамандықты неліктен таңдағаны, құтқарушы мамандығын таңдағанда нені басшылыққа алғаны туралы сұрақтарды қойды. Сондай-ақ жүргізуші қызығушылық танытып, жұмыс барысында, адамдарды құтқару кезінде болған өзгеше оқиғалар мен қызықты жағдайлар туралы сұрады.

 Ерқанат облыстық орталықтың бір пәтерлерінде "қалалық" кеміргіштер тобының "өкілдерін" ұстағандары, кір жуғыш машинаның центрифугасына кіріп алған білгіш баланы қалай шығарып алғандары туралы оқиғаларымен бөлісті. Бұл оқиға тағы осындай білгіш жанында болып тұрмыстық техниканың есігін жауып, қоспағанымен сәтті аяқталғанын тағы да айта кетті. Қалалық жағдайларда жиі кездесетін шақырулардың түрлері туралы әңгімелеп берді.

Дәулет өз кезегінде қалаларда орын алып тұратын өрттердің түрлері мен ерекшеліктері туралы әңгімеледі.

Кездесудің соңында бағдарлама жүргізушісі төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтері құрылуының 22-жылдығымен барлық құтқарушыларды құттықтады, өз кәсіби мерекелерін тыныш, дабылды шақырусыз қарсы алуды тіледі. Сондай-ақ пәлеге душар болған адамдардың өмірін құтқару үшін әр секунда саналатын осындай қауіпті жұмыста күш, денсаулық, мықты рух және де кәсіби қызметте табысты тіледі.

Құтқарушылар да "бос қалмады " және телекөрермендерге ТЖ қызметкерлерімен тек ғана оқударда, дәрістерде және де осындай танымдық телебағдарламаларда кездесуді тіледі. 

Павлодар облысы

Төтенше жағдайлар департаментінің

жедел-құтқару жасағы


Система Orphus