Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
84
340
777246

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Біздің айбынды құтқарушыларымыз

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995 жылдың 19 қазанында табиғи және техногендік төтенше жағдайлар және еліміздің Азаматтық қорғау саласындағыуәкілетті орталық атқарушы орган ретінде төтенше жағдайлар бойынша Мемлекеттік комитеті құрылды.  Кейіннен комитеттің құрылу күні – жүйеміздің кәсіби мерекесі Құтқарушы күні болды.

 

Құтқарушы – ең қажетті және маңызды мамандықтардың бірі. ҚР ІІМ ТЖК бөлімшелерінде қызмет етіп жүргендердің қолында – адамдардың қауіпсіздігі, олардың тыныштығы және болашаққа деген сенімділігі. ТЖК құтқарушылары үнемі жауынгерлік әзірлікте. ТЖК бөлімшелерінде нағыз кәсіпқойлар еңбек етеді, бұл адамдарға ылғи қауіп әдеттегі және күнделікті жұмыс болып табылады, олар әр күн сайын апаттар, ірі ЖКО салдарын алдын алады немесе жай ғана қиын жағдайға тап болғандарға көмекке келеді. Бұл мамандық өкілдерін әрқашан олардың батырлығы және батылдығы, адамдардың өмірін құтқару үшін құрбан болуға дайындығы ерекшелендіреді. Жоғары біліктілік, тәжірибе және өте күрделі, кейде экстремалды жағдайлардан шығу тәсілін таба білу сияқты сапалар құтқарушыларға беделдік және құрметті жаулап алуға мүмкінді берді.

Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар комитеті өзінің аймақтық және ведомстволық бөлімшелерімен, күштері және құралдарымен – бұл азаматтық қорғау қызметкерлері, соның ішінде біздің ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Павлодар облысы бойынша филиалы және «Қалқаман» мен «Шідерті күре жолдық медициналық құтқару пункттері қызмет етіп жүрген қазіргі замандағы қуатты жүйе. Басты міндет - төтенше жағдайлар кезінде тікелей білікті көмек көрсету болып табылады. Бұндай қызметкерлер біздің құтқарушыларымыз арасында да бар, олардың бірі А.В. Гебель «Қалқаман» КЖМҚП-де 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ол жақсы отағасы, қыз тәрбиелеуде, жұмыс істеу уақытында 200-ден аса жол-көліктік апаттар оқиғаларына шұғыл шығуларды жүзеге асырып, апаттық-құтқару құралдарымен жұмыс істеу амал-тәсілдерін оңай қолдана біледі. Қызмет өтеу барысында көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалды, мысалы, 2016 жылы Астана-Павлодар жолының бойындағы жол-көлік оқиғасы кезінде 4 адам қаза болып, мыжылған автокөліктен адамдарды шығара білді. Александр бұндай жерде жұмыс істеу әр күн сайын ең қымбатты көрсеткіштерімен – құтқарылған адам өмірлерімен бағаланады деп санайды. Олар су тасқындары кезінде қираған үйлер, қираған автокөліктер ішінен адамдарды шығарады.

«Алдын алу, құтқару, көмек» - төтенше жағдайлар құтқарушыларының ұраны. Бұл ұраннан бір сәт те шегінбей, олар күн сайын өз өмірін қатерге тігіп түрлі төтенше жағдайларды жоюға кіріседі. ТЖК – біздің еліміздегі ең танымал бөлімдердің бірі. Сонымен қатар, құтқарушылар тұрмыстық келеңсіздіктер кезінде де адамдарды тастамай, пәтердің кептелген есігін ашып немесе қоқыс құбырына түсіп кеткен мысықты босата алады. Осындай батыл, әрдайым сенім артуға болатын адамдарға алғыс білдіру өте қуантады.

ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Павлодар облысы бойынша филиалы ҚР ІІМ ТЖК барлық құтқарушыларды кәсіби мереке – Құтқарушы күнімен құттықтайды. Қиындығы көп болғанымен, қайтарымы да, алғысы да мол еңбектеріңіз жемісті болсын!

Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық,күш-жігер, баянды бақыт пен кәсіби қызметтеріңізде жаңа табыстар тілейміз! 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі  ТЖК

«Апаттар медицинасы орталығы» ММ

 Павлодар облысы

бойынша филиалының психологы

Г. Шактаева


Система Orphus