Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
156
562
778470

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде семинар өткізілді

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Павлодар қаласы Мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Әсел Серікқызы Адамжанованың қатысуымен аудио конференц байланыс режимінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша семинар-жиналыс өткізілді.

 

Осы іс-шараның мақсаты қызметкерлердің кәсіби деңгейін және құқықтық сауаттылығын арттыру.

Семинар – жиналысқа Департаменттің және оның ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторлары қатысты.   

Судья Әсел Серікқызы мемлекеттік инспекторларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылатынын түсіндірді.

«Әкімшілік жаза қолдану»; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері»; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау»; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау» тараулары жан-жақты ашылды.

Семинар-жиналыс әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс кезіндегі көптеген мәселелерді шешуге көмектесті.

Семинар-жиналыстың қорытындысы бойынша тәжірибеде кездесетін проблемалық мәселелер талқыланды. 

Павлодар облысы ТЖД

Заң тобы


Система Orphus