Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
157
562
778471

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы: Павлодар облысы ТЖД жедел тобының “ЖЕР-2017” РКШО қатысуы

Қаза тапқан және жарақаттанған адамдардың саны бойынша өзге төтенше жағдайлардың ішінде бірінші орында жер сілкінісі аса қиратқыш стихиялық апат болып табылады. Елді мекендерде және жер сілкінісі кезінде өнеркәсіптік объектілерінде туындайтын жағдайлардың өзгеша сипаттамасы ғимараттар мен үймереттердің қирауы және үйінділердің пайда болуы.

 

Жер сілкінісі кезіндегі авариялық-құтқару және басқадай кезек күттірмейтін жұмыстардың  басты мақсаты зақымдалған ғимараттар мен үймереттердегі үйінділермен қамалып қалған адамдарды іздестіру және құтқару, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету және медициналық мекемелерде әрі қарай емделуге мұқтаж адамдарды эвакуациялау, сондай-ақ зардап шеккен халықтың алағшқы өмір тіршілігін қамтамасыз ету.

Қиратқыш жер сілкінісінің нәтижесінде туындаған төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің әзірлік және қабілеттілік деңгейін арттыру мақсатында Жамбыл облысының аумағында 2017 жылдың 12 -13 қазаны аралығында орталық және жергілікті атқарушы органдармен, Азаматтық қорғау республикалық және жергілікті қызметтерімен Облыстар, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияларымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен (мекемелерімен), басқадай Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарымен «Жер-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілуде.

«Жер-2017» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатыстып қойылған міндеттерін орындау үшін Тараз қаласына облыстың Төтенше жағдайлар департаменттерінің, жергілікті атқарушы орган және азаматтық қорғаудың облыстық қызметтерінің қызметкерлері және күштер мен құралдардың жедел тобы жіберілді. Оқу орнына келгеннен кейін жедел топтың штабы жайғасты, байланыс және құлақтандыру жұмыс қалпына келтірілді. Жедел тобының өкілдерімен нұсқаулықтар жүргізілді.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ахуал залында да штаб орналастырылып, өз жұмысын тиісті деңгейде өткізуде.

Жоғарыда аталған оқу-жаттығу екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең: «Жер сілкінісі туындау қатері кезіндегі алғашқы кезекті шараларды ұйымдастыру. Функционалдық міндеттерді орындауға Азаматтық қорғау мемлекеттік қызметінің күштерін басқару органдары іс-әрекеттерінің жоспарын нақтылау». 2017 жылдың 12 қазанында өткен оқу-жаттығудың бірінші күні орталық және жергілікті атқарушы органдарға Азаматтық қорғау мемлекеттік қызметінің күштерін және басқару органдарын әзірлікке келтіру, жер сілкінісінің қатері туралы ақпаратты қабылдау бойынша «Апат-999» дабылы жарияланды. Осы дабыл бойынша жедел топтар:

- авариялық-құтқару және басқадай кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін аудандарға (секторларға) бөлімшелердің шығу бағыттарын;

- басқару пункттерінің орналасқан жерлерін (аудандарын); панасыз қалған халықты жинау пункттерін;

- санитарлық және орны толмайтын шығындарды; орны толтырылмайтын шығындарды көму орындарын; жиналмалы эвакуациялау пункттерін, зардап шеккен халықты орналастыру аудандарын және эвакуациялау бағыттарын анықтау.

Оқу-жаттығудың бірінші күні бойынша қорытынды шығарылды. 

Павлодар облысы

Төтенше жағдайлар департаментінің

Азаматтық қорғаныс басқармасы 


Система Orphus