Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
169
340
777331

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Құтқарушы – батыл мамандық!

Төтенше жағдайлар қызметтерінің құрылуы күні кәсіби мерекесінің қарсаңында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Құтқарушы – батыл  мамандық» тақырыбындағы  дөнгелек үстелді өткізді.

Департамент қызметкерлері төтенше жағдайлардың  алдын алу бөлімінің бастығы С.Г. Сытник, төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы Р. Оразалина, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері Б. Жангузин, К. Валеев, Е. Миронов және «Жедел құтқару жасағы» ММ қызметкері А.И. Носков, М. Тисленко, Павлодар қаласының              №17 жалпы орта білім беру мектебінің  жас өрт сөндіру жасағы және Павлодар қаласының № 42 жалпы орта білім беру мектебінің жас құтқарушылар жасағы дөңгелек үстелге қатысты.

 

Осы іс-шарада балалар қазіргі заман қаһармандарымен тіл қатынасу мүмкіндігіне ие болды. Павлодар қаласы № 2 өрт өндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Евгений Миронов өрт сөндірушінің күрделі қызметі, өрт сөндіру кезінде туындайтын қиыншылықтары, эвакуациялау іс-шаралары туралы әңгімелеп берді. Балалар: «Неліктен бұл мамандықты таңдадыңыздар?» деген сұраққа Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Жангузин  бала кезінен-ақ погон тағып, әскери киім-кешек  киюді, сонымен қатар адамдарға пайда әкелетін мамандықты таңдауды армандағанын, сонымен өрт сөндіруші болу шешімі қабылданғанын айтты. Евгений Миронов атасының айтқанымен барған, ол кезінде өзі де өрт сөндіруші болған. Өз күшін, қабілеттілігін сынамақшы болған, бәлкім атасына лайықты ауысым өсіп келе жатқанын дәлелдегісі келді ме екен? Қазіргі таңда мамандығының таңдауын және Евгенийдің жұмысын мақтаныш етуге болады. Құтқарушы мен өрт сөндірушілердің жақын адамдары бір шақырғаннан қайда, кімге және қанша уақытқа кетіп бара жатқандарын білмей тұрып, көмек көрсетуге жүгіретін қаһармандарын мақтаныш ететіні анық. Балаларды бәрі – қауіппен көзбе-көз кездескенде бастан өткізетін сезім, адамдардың қаза болу себептері, ТЖ туындау себептерінен бастап ТЖ кезінде қаза болудың статистикалық деректеріне дейін қызықтырды.  Құтқару бөлімшесінің басшысы А.И. Носков судағы адамдарды құтқару оқиғалары туралы әңгімелеп берді, сонда балалардың назарын қауіпсіздік қағидаларын елемейтін балалар мен жасөспірімдер екендігін атап өтті. Балалар қауіп төніп тұрғанын көргенде өз өмірінді ұмытып, көмекке асығасын деді ол.

Адамдардың қаза болуы мен ТЖ туындауы туралы әңгімені қозғаған кезде, екі жағдайда да жиі кездесетін себеп – бұл алкоголь болды: мас күйінде ұйықтап қалған, мас күйлерінде шомылуға шыққан.  Салауатты өмір салты бұл денсаулық кепілі ғана емес, сонымен қатар өмір тіршілігінің де кепілі.

Адамдарды құтқару ерлігі туралы Павлодар қаласы № 42 жалпы білім беру мектебінің 8 «а» сынып оқушысы  Даша Матюшонок әңгімелеп берді, ол ішіп алып суға кіріп кетіп, өз мүмкіндігін ескермеген ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Құтқарудың екінші эпизодында Даша батып бара жатқан әйелді жағаға шығаруға тырысқан, өз күші таусыла бастаған кезде екі жігіт малтып келіп, әйелді жағаға алып шыққан, Даша оған медициналық көмек көрсеткен. «Үлкен өтілі бар» жас құтқарушы Даша барлық іс-шараларға белсенді қатысатынын, ер балалармен жарысқанда олардың жайымен жеңіп шығып, іске тұрарлық білімімен алғашқы көмек көрсетеді.

Павлодар қ. № 17 мектебінің жас өрт сөндірушілері  өрт сөндіруші мамандығының маңыздылығы және абыройлығы туралы сахнадық көріністі көрсетті. Балалар қызметкерлерді келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап жылы жүздерімен қарсы алғандарына алғыстарын білдірді.

Әрине, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өзінің жұмысында бөтендердің ауыртпалығымен үнемі кездеседі, өздері қауіпті жағдайларға соқтығады. Бір де бір адам шын мәніндегі қажеттілікті сезінбесе   осындай күрделі мамандыққа төзбейді. Жақсы еңбекақы мен басқадай пайда туралы ойлар көмек көрсетпейді. Құтқарушы болып өз бейіміне қарай жұмыс істеуге барады, бұл аса адал және абыройлы мамандықтарының бірі. Өйткені адам өмірі – бұл жер бетіндегі ең жоғары құндылық, құтқарушы мен өрт сөндірушінің мамандығы анықтамасына қарай абыройлы. 

                                                                       Р. Оразалина

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті

ТЖ жою бөлімінің бас маманы


Система Orphus