Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
174
340
777336

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодарлық құтқарушылар, құтқарушылар Күніне арналған интерактивті сабақ өткізді

Облыстық Білім беру басқармасының ақпараттық технология орталығында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің мамандары құтқарушылар Күніне орай онлайн тәртібінде интерактивті сабақ өткізді.  Оқыту процессіне облыстың 12 орта білім беру мектебі қатысты.

Сабақтың негізгі мақсаты оқушыларда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғану және қауіпсіздік сезімін қалыптастыру, азаматтық қорғау органдарының имиджін көтеру, төтенше жағдайларды жою және адам өмірін құтқару кезінде қызметкерлердің ерік іс-қимылдары мен батырлығын елге әйгілеу болды.

 

Онлайн тәртібінде төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы Әсем Әбілқасова, өрт сөндіру және авариялық - құтқару қызметі басшысының орынбасары Бауыржан Жанғозин, құтқарушы Андрей Лукянчиков шығып сөз сөйледі.

Сабақ қызықты және есте қалатындай болу үшін, осы иньерактивті сабақты жүргізуге төтенше жағдайлар органының құрылымдық және ведомстволық бағыныстағы аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері тиянақты әзірлену жүргізді. Онлайн-сабағын «Павлодар облысы төтенше қызметінің қалыптасу тарихы» лекциясымен Әсем Әбілқасава ашты.  Өзінің сөзінде Республиканың  тәуелсіздік жылдарында қызметтің қандай қалыптасу кезеңдерінен өткені туралы әңгімеледі.

Балалар Өрт сөндіру және авариялық- құтқару қызметі басшысының орынбасары Бауыржан Жанғозиннің сөйлеген сөздерін қызығушылықпен тыңдады. Ол қиын өрт туралы айтып берді, кезекші қарауылдың  үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында  13 адам құтқарылып,  баспалдақ маршымен 41 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10  бала. Осы оқиға үшін ол ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.

Келесі болып оқушылардың алдында Андрей Лукянчиков сөз сөйледі. Ол күзде және көктемде мұз қалыңдығының жұқарған кезіндегі қауіпке балалардың назарын аударды. Құтқарушы – көптеген жазатайым оқиға адамдардың кінәсінен болатынын атап өтті.

Бұдан кейін Төтенше жағдайлар Департаменті қызметкерлері оқушыларды жақын арада жіберуді жоспарлаған «ТЖ туындаған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз», «Алғашқы көмек көрсетудің тәсілдері мен әдістері», «Өрт сөндірудің алғашқы құралдары туралы» тақырыптар бойынша жарыс-викторинаға белсенді қатысуға шақырды.

Интерактивті сабақтың соңында Павлодар облысы ТЖ департаментінің азаматтық қорғау қызметкерлерінің күндегі іс-әрекеттері туралы бейнероликтер көрсетілді. 

Павлодар облысы ТЖ Департаментінің

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Система Orphus