Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
156
562
778470

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Құтқарушылардың кәсіби мерекесіне арналған спорттық шаралар

Соңғы 100 жыл ішінде футбол ойыны ең әйгілі спорт түрі  болып табылады. Бұл таңқаларлық жағдай емес! Көптеген ойын түрлерін зерттеген ғалымдардың айтуынша ең болжанбайтын, күтпеген жағдайлар кездесетін ойындардың алдыңғы қатарында футбол тұр. Футбол –  көп эмоцияларға бөлейтін ұжымдық ойын. 

Павлодар облысы төтенше жағдайлар Департаментінің қызметкерлері кәсіби міндеттерді орындаумен қатар, дене шынықтыруға да көп көңіл бөледі. Әсіресе футбол ойыны төзімділікті, жылдамдықты, шымырлықты, жедел шешім қабылдауды дамытуға және ең бастысы бір командада жинақы жұмыс жасауға көмектеседі.

 

Павлодар қаласы төтенше жағдайлар Басқармасы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар Департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі» мемлекеттік мекемесімен бірігіп «Жұлдыз» стадионында шағын футболдан жарыс ұйымдастырып өткізді. Жарыс Қазақстанның  Құтқарушылар күнімен ұштастырылды. Жарысқа 5 команда қатысты. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар Департаменті «Өрт сөндіру  және авариялық-құтқару жұмысы қызметі» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар Басқармасы және де Ақсу, Екібастұз гарнизондарының ойыншылары мен аудандық бөлімшелерінің бастықтары доп ойнау шеберліктерін көрсетті.

Турнирдің  ашылу салтанаты жарысқа қатысушылардың сапқа тұруымен басталды. Одан кейін қатысушылар жарыстың негізгі бөліміне көшіп,  командарлар өз-ара шағын-футбол матч жарысын  өткізді. Ойын барысында барлық қатысушылардың жеңіске деген құлшыныстары байқалды,  әрбір матч сайын соңғы секундтарға дейін   жеңімпаздың кім болатыны белгісіз  болды.

Ойынды қортындылай келе ұпай сандары бойынша 1 орын мен кубокты Павлодар облысы Төтенше жағдайлар Департаменті «Өрт сөндіру  және авариялық-құтқару жұмысы қызметі» мемлекеттік мекемесі иеленсе, 2 және 3 орынды сәйкесінше Павлодар қаласы төтенше жағдайлар Басқармасы мен Ақсу гарнизоны қанжығасына байлады.

Жүлделі орынға ие болған командалар кубокпен, мадақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

 

        

Р. Биахметова

Павлодар қаласы төтенше жағдайлар Басқармасының

Төтенше жағдайлардың алдын алу тобының бас маманы 

Система Orphus