Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
183
340
777345

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Кадрларды даярлау- экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буыны

Павлодар қаласы “Қоғамдық келісім” Достық үйінің алаңында негізгі тақырыбы “Білім беру және кадрлар даярлау - Қазақстан Республикасы экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буыны”  бірінші ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Осы конференцияның өтуін Төтенше жағдайлар Департаментінің басшылығы бастады. Конференцияның жұмысына  төтенше жағдайлар қызметінің  мамандарынан басқа,  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Инновциялық Евразиялық Университетінің ғалымдары, ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің Көкшетау техникалық институтының оқытушылары қатысты. Одан басқа  конференцияның  жұмысына қатысу үшін  білім бөлімі,  алғашқы әскери дайындық мұғалімдері мен  мектептердің тәрбие жұмысы меңгерушілері шақырылды.  Конференция жұмысына денсаулық сақтау басқармасы, “Айбын”  қарулы күштернің ардагерлер Кеңесі” қоғамдық   бірлестігі, Павлодар облыстық “Қызыл жарты ай Қоғамы” филиалы, жастар саясатын дамыту мәселесі жөніндегі орталық өкілдері шақырылды.

 

“Қоғамдық келісім” Достық үйінің аумағында конференция қатысушылары үшін  облыс өрт сөндіруші құтқарушыларының  күштері мен құралдары көрмесі жайылды.

         Конференцияның негізгі мақсаты:

         - Қазақстан Республикасы  Ішкі істер Министрлігі төтенше жағдайлар Комитетінің Көкшетау техникалық университетіне түсу бойынша кәсіби бейімдеуді ұйымдастыру мәселесін талқылау;

         - әскери  патриоттық тәрбиелеуді ұйымдастыру бойынша жастармен жұмыс әдістері мен негізгі және  іс-әрекет нысаны мен оның  мамандықты таңдауын қалыптастырудағы  маңызы.

         - Қазақстан Республикасының  арнайы әскери оқу орындарының жұмыстарын жетілдіруде білім мекемелерінің,  оның ішінде  жоғары оқу орындары, облыстың  денсаулық сақтау мекемелері, Павлодар облысының  төтенше жағдайлар Департаменті бөлімшелерінің зияткерлік потенциалын біріктіру.

         Конференцияға 17 баяндама дайындалды, тақырып бойынша 11 баяндама  тыңдалды. Форум жұмысының   өту нысаны бір күндік:  жалпы отырыс және  конференция ұсынысын қабылдау.

         Конференция жұмысын төтенше жағдайлар органының аумақтық бастығы азаматтық қорғау  полковнигі Ә.Ә. Длимов ашты. Спикер  форум тақырыбының маңыздылығын, кадрларды дайындаумен байланысты мәселелерді  талқылау үшін   мәрелік бастама болатынын атап өтті.  Сонымен негізгі іс -әрекет  бұл  әскери  патриоттық тәрбиелеуді ұйымдастыру  жөніндегі  жұмыс және  іс-әрекет нысаны мен оның  мамандықты таңдауды қалыптастырудағы  маңызы және Қазақстан Республикасының  азаматтық қорғау  органдары  жүйесі үшін  мамандарды дайындау бағдарламасын ойдағыдай іске асыру.

         “Айбын”  қарулы күштерінің ардагер Кеңесі” қоғамдық   келісімінің төрағасы Олег Владимирович Николашин қатысушылар  назарын қазіргі заманғы әскери-патриоттық тәрбиенің маңыздылығына аударды. Тәрбиенің құрамдас бөлігі өскелең ұрпақтың бойында  патриоттық сезімін дамыту және   қалыптастыру болып табылады  деді. Осы компонент болмаса, нағыз  бір тұтас үйлесімді тұлға-өз елі азаматының   тәрбиесі  туралы айтуға болмайды .

         Азаматтық қорғау ардагері  Серік Арынтайұлы Адамжанов  өз сөзінде    мамандық таңдау  барысында  ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығына бағыт  бұрды.  Отбасылық  династия  алдағы  уақытты құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби іріктеуде қуатты фактор болып табылатындығын баса айтты және азаматтық қорғау органында  құтқарушылар мен  өрт сөндірушілердің бірнеше әулеті қызмет етіп жүргені туралы көптеген  мысалдар келтірді.

         Павлодар облысы ішкі істер Департаментінің әскери-дәрігер комиссиясының  төрайымы  Әмина Қанатқызы Жандарбекова  ішкі істер  органдарының  арнайы жоғары оқу орындарына түсу кезінде кандидаттарға  әскери-дәрігерлік комиссиядан өту ережелері, тәртібінің ерекшеліктері туралы түсіндірді.

         Конференция  қатысушылары, баяндамаларды тыңдап және  түскен ұсыныстарды  жинақтап бірауыздан ұсыныстар жобасын бекітті:

         Павлодар облысы төтенше жағдайлар Департаменті  және оның ведомстволық бағынысты мекемелеріне оқушылар арасында жалпы білім беретін мектептерде 5 сыныптан бастап одан әрі және өрт сөндіру  қауіпсіздігі, азаматтық қорғау саласында  мамандар дайындайтын  арнайы мамандандырылған оқу орындарына сапалы іріктеу үшін  жоспарлы бағыттайтын   біріңғай  стратегия  әзірлесін.

         Департаменттің барлық бөлімшесінің бастықтарына жұмыста кәсіби өсудің, қызмет және жауынгерлік тәртіптің тәрбиесіне, тарихи және мәдени мұраның көбеюіне,  әскери-патриоттық тәрбие іс-шаралары әрекеті мен жұмысты жүйелі түрде жалғастырсын. Азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің  тәжірибесін пайдалана отырып, ұрпақтар сабақтастығы мәселесін  басты назарға алсын.

         Павлодар облысы ІІД әскери-дәрігерлік комиссиясына (оқу мекемелерінің 2018 жылғы түлектерінің санынан)  оқу  үрдісінен үзбейтіндей   уақыт интервалы бойынша   кандитаттардың өту уақытын оңтайландыруды ыңғайластыру.  Кандидаттардың   сабақта  болмау кезеңдерін  азайтсын.

         Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің  төтенше жағдайлар Комитетінің Көкшетау техникалық институтын, Ресей ТЖМ азаматтық  қорғау Академиясын, Белорусь Республикасы азаматтық қорғау университетін бітірген жас мамандардың  қызықты   орындауларымен және    жастарды  патриоттық тәрбиелеу  ісіне  қосқан  үлкен  үлесі үшін  жеке қатысушыларды марапаттаумен ғылыми-практикалық конференция өз мәресіне жетті. 

Павлодар облысы ТЖ Департаментінің 

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Система Orphus