Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
183
340
777345

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Отқа да, суға да: Құтқарушы – біздің мамандығымыз!

Арман Қошмуханов: Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші –құтқарушысы.

Арман Халелұлы азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап қызмет өткеріп келеді. 10 жыл қызмет еткенде сөндірілген өрттер, шұғыл шығулар, құтқарылған өмірлер көп болды. . Бұл 2010 жылдың 10 мамырында болды. Пультке Павлодар қаласы тұрғын үйлерінің бірінде өрт шықты деген хабарлама келіп түсті. Өртті жою кезінде пәтерде улы газбен уланған, 1 топ мүгедегі, пәтер иесі табылып құтқарылды.

 

Өрт сөндіру кезіндегі кезекші ауысымның үйлесімді жұмысының арқасында және А.Х. Қошмұхановтың жеке ерлігінің арқасында 10 адам эвакуацияланып, бір адамның өмірі сақталды.

Арман Табылдыұлы Мұхамедин - № 34 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі. Қызмет өтілі 17 жылды құрайды. А.Т. Мұхамедин – қызметке келген күнінен бастап өзінің мақсатты және орындаушы қызметкер екендігін көрсетті. Оның тырысқанын көрген басшылық бір жылдан кейін оны бөлімше командирінің лауазымына тағайындады, ол осы уақытқа дейін осы лауазымда қызмет өткеруде. Жас қызметкерлердің тәлімгері болып табылады.

Шығатын аудандардың барлық ерекше маңызды объектілерін біледі, дабыл бойынша бөлімшемен бірге шығып, өрт сөндіру, авария және олардың салдарын жою кезінде қарамағындағыларының жұмысын басқарады.

Солай, 2014 жылдың 22 қаңтарында № 34 өрт сөндіру бөлімі байланысының пультіне облыстың орталықтағы тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Үйді барлау барысында жалпы алаңы 40 шаршы метрде, жабындының жартылай қирауымен, үй заттары мен жиһаздың өртенуі анықталды. Көршілерден пәтер иесі үйде болуы мүмкін екендігін біліп, өртті сөндіру басшысы бөлімге командиріне тағы да пәтерді аралап шығуды бұйырды. А.Т. Мұхамедин бір минутте мүдіртпей өртеніп жатқан үйге кіріп, тұрғын үй-жайларының бірінде ессіз күйде жатқан ер адамды көрді. Ол бұл ер адамды түтіндеген аймақтан алып шығып, зардап шеккенге қажетті алғашқы көмек көрсетті және шұғыл медициналық көмек бригадасына тапсырды.

Ерқанат Рапыхұлы Сұлтанов – Екібастұз қ. № 14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. Қызмет өтілі 16 жыл.

Шұғыл жағдайларда өз-өзін ұстау және төзімділікті сақтайды. Оған 2014 жылдың мамыр айында өрт кезінде адамды құтқару жағдайы үлгі болып табылады.

Көп пәтерлі тұрғын үйде ашық өртті сөндіру барысында Е. Сұлтанов ойланбастан өртеніп жатқан пәтерге кіріп кетіп, бірінші ессіз күйдегі ер адамды көрді. Бір минутте ойланбастан Ерқанат Сұлтанов өздерінің әріптестерімен түтіндеген аймақтан ер адамды алып шықты, зардап шеккенге алғашқы көмек көрсетіп, шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасына тапсырды.

Құрамында № 14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау сержанты  Е.Р. Сұлтанов болған кезекші қарауылдың нақты және табанды іс-әрекеттерінің нәтижесінде адамның өмірін құтқару кезінде кәсібилік танылып, оттың әрі қарай тарауына жол берілмеді.    

Өртте  адамдардың өмірін құтқарғандары және ерліктері үшін барлық үш өрт сөндіруші «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгілерімен марапатталды. 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 


 

Система Orphus