Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
156
562
778470

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Пиротехникалық құралдар және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесі

SAM_1374

Жаңа жыл мерекесі кезінде  пиротехникалық құралдардың орсасан түрлі  арсеналы қолданылады, оларды қолдану өрттің туындауына әкеліп соғуна әкеліп, сонымен бірге ең қорқыныштысы, жарақатқа және зақымдануға әкеліп соқтырады. Осыған байланысты Лебяжі ауданы төтенше жағдайлар бөлімі Лебяжі ауданының ішкі істер бөлімімен бірлесіп ауданның барлық дүкендерінде пиротехникалық құралдар бойынша рейд өткізілді.

 

Осындай тұрдегі бұйымдарды сатып алған кезде, қайғылы зардаптарды болдырмауға көмектесетін ережелерді есте сақтаңыздар:

-         пиротехниканың барлық түрлері сыртта қолдану үшін арналған;

-         от шашулар мен салюттерді тұрғын үйлердің немесе тез жанғыш заттардың қасында 20 метрден жақын жерлерде, төмен бастырмалар мен өсіп тұрған ағаштардың астында қолдануға болмайды. От шашуларды жаққан кезде білтесін бетке жақын ұстауға болмайды;

- отшашудың білтесін созылған қол қашықтығында жағу керек. Ол 6-8 секунд жанады. Отшашудан ұшқан от ұшқындарын өшіру қиын, сондықтан егер ол қолға тисе – міндетті түрде тері күйіп қалады;

- ракеталар мен отшашуларды адамдарға қарай атуға болмайды. Ракета – бұл қауіптілігі жоғары пиротехникалық бұйым. Кейде қардың үстіне орнатылған ракета бір жағына ауып кетіп, бағытын өзгертіп, адамдарға қарай ұшуы мүмкін, сондықтан олардың іске қосатын түтіктерін жерге нық орнату қажет;

- балаларға пиротехникалық заттармен ойнауға болмайды, бұл балаларға арналған ойыншық емес;

- от шашуларды (бенгалдық шамдар мен шартылдақтардан басқа) қолда ұстап тұрып жағуға болмайды; 

 - жағылған салюттер мен отшашуларға олардың қолдану әдісінде көрсетілген қауіпсіз қашықтықтан жақындауға болмайды.
Әрбір пиротехникалық бұйымда оның қолдану әдісі туралы нұсқаулық жазылады. Сол нұсқаулықты мұқият оқып шығу үшін бір-екі минут уақытыңызды табыңыз.

Бұл Сізді пиротехникалық затты қолданғанда қате іс-қимылдан сақтайды.  

К.М.Зиядин

Лебяжі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы

азаматтық қорғау аға лейтенанты

  SAM_9008

Система Orphus