Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
19
574
778907

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Балаларға қуаныш сыйлады

1

Павлодар облысы Ақсу қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамдары бірнеше жылдан бері Қалқаман ауылында орналасқан интернат-үйі тәрбиеленушілерін өз қамқорлығына алған.

Міне бүгін, Жаңа жылдық мереке қарсаңында Ақсу гарнизоны өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтары балалар үйіне келді. Балақайлар құтқарушыларды ерекше қуанышпен қарсы алды. Балалардың  көбісі олармен таныс, ал бірқатары қызметкерлердің формасына таңырқай қарады, жапсырмалардың маңызы туралы сұрады. Офицерлер балалармен Отанға деген сүйіспеншілік туралы әңгімелесті, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесінің маңызы туралы айтып берді, тәрбиеленушілер мен ұстаздарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Кездесуді пайдалана отырып,  Төтенше жағдайлар қызметкерлері ғимарат ішінде өрт бола қалған жағдайда персоналдың іс-әрекеті жөнінде кішігірім тренинг өткізді. Ересек жастағы балалар арасында шұғыл әрекет ету қызметінің  телефонын білуіне блиц-конкурс ұйымдастырды.

 

Барлық қатысушыларға жадынамалар тапсырылды. Қауіпсіздік бұрышы үшін құтқарушылар өздерімен бірге плакаттар жиынтығын ала келіпті және бұрышты  жабдықтауға көмектесті. Кездесу әкелген сыйлықтар мен тәттілерді үлестірумен аяқталды. Балақайларда қонақтарға сыйлық дайындап қойыпты – тұтастай концерттік бағдарлама. Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен болған кездесу өте жағымды әсер қалдырды. 

Бақберді Қағабаев

№11 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы

азаматтық қорғау лейтенанты

2 3

Система Orphus