Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
156
562
778470

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Шыршаны отсыз жағамыз!

Жаңа жыл мерекесін мерекелеуге, біраз уақыт қалды. Көптеген мектептерде, балабақшаларда, мәдени үйлерде және басқада мекемелерде   залды көркейту және шыршаны орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өкінішке орай, мереке жүргізушілермен жауапты тұлғалар өрт қауіпсіздігі сұрақтары жөнінде есте сақтап жүрмейді. Жаңа жыл шыршасын жүргізуде және оны құруда, өрт қауіпсіздік талаптарын сақтаулары өте қажет. Барлығынан бұрын шырша берік және мықты орнатылуы керек.

 

Шыршаны әрлі-берлі өтетін немесе шыға берісте орнатпау керек. Қабырғамен шыршаның және төбемен шыршаның  арасы жарты метр болу қажет. Бөлменің баспалдақ торларынан немесе сыртқы шыға берістен, екі эвакуациондық шығу жолдары болуы керек, сонымен бірге өртке қарсы құралдармен қамтамасыз етулері қажет. Шыршаны көркейту барысында, тез жанатын целлуоиданы, мақтаны, қағаздарды  және тағы да басқа тез жанатын  заттарды қолдануға тыйым салынады. Шыршаның иллюминациясын рәсімдеуді, өте тәжірибелі электрмонтер орнату керек. Шыршаның иллюминациясын 24 В-тан  жоғары емес тоқтың төмендеу жағымен трансформатор арқылы  орнату қажет. Шырша - электрқұрылу орнатуының ережесіне сай, мықты монтаждалып құрылуы тиіс. Өрт  шығуы мүмкін бенгальдық оттармен, пиротехникалық және шартылдақтармен басқада химиялық заттарды қолдану арқылы  жарық әсер туғызуға тыйым салынады. Мерекеге қатысушылардың саны бір адамға 0,75 шаршы метр есебімен алынады. Адамдардың саны қойылған нормадан аспауы керек, өйткені  бұл өте қауіпті. Шырша мерекесін өткізуге тартылған персоналдар (оларға  жаңа жылдық  салтанатты  өткізу кезінде   өрт қауіпсіздігі талаптарын   және өрт оқиғасы болып қалған жағдайда өрт күзетін шақыру ережесін білулері қажет) міндетті түрде өртке қарсы нұсқаулықпен танысу қажет. Мереке аяқталғаннан кейін міндетті түрде бөлмені тексеру керек.

Сондай-ақ пиротехника туралы жеке  біршама сөз айту керек. Шартылдақтар мен петардаларды  міндетті түрде сертификаты болу керек. Сапасыз сатылған тауарлар тек сатыпалушыларға ғана емес, сатушыларға да қауіпті әсерін тигізеді. Павлодар облысының дүкендерінде сапасыз сатылған тауарлардан өрт оқиғалары болған. Алдағы уақытта адамдарға қауіп төнер жағдай туғызбау және оқиғалар борлдырмау үшін Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменты қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірге сапасыз тауарларды сату орындарында рейд жұмыстарын жүргізуде. Сапасыз тауарларды сатқан кінәлі тұлғалар айыппұл түрімен әкімшілік  жауапкершілікке тартылады. 

      

А. Аскарова -

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 

өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау  және

профилактикалық қызмет басқармасының  бас маманы

Система Orphus