Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
157
562
778471

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы! Құтқарушылардың қысқы су айдындарындағы рейдтері

20171223_121431

Екібастұз қаласы әкімі аппаратының өкілдері және жедел-құтқару жасағы, Төтенше жағдайлар мамандары, №14 мамандандырылған өрт бөлімі қысқы балық аулау әуесқойлары көп шоғырланатын орындарға кезекті рейдтер өткізді.

Қазіргі уақытта су қоймаларындағы мұздың қалыңдығы 40-45 сантиметрді құрайды. Екібастұз гарнизонының қызметшілерін ауыз су ішетін су қоймасындағы МАЭС-1 және МАЭС-2 су қоймаларындағы мұз жайы алаңдатады, өйткені ол жерлерде су асты әрдайым жылы сумен шайылып тұратындықтан, тіпті қатты аязды күндері мұздың қалыңдығы әлсіз болып  морт сынғыш келеді.

 

Екібастұз гарнизонының қызметшілері қыс мезгіліндегі әуесқой балықшыларға балық аулау кезінде келесі шараларды сақтау жөнінде ұсыныс береді: балық аулап отырған маңайда көп шұңқыр қазуға, мұз үстінде секіруге, жүгіруге және бір жерде көп адам жиналуға болмайды.

Рейдттік іс-шара кезінде тағыда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабының 1 бөлімі бойынша балықшылар арасында бұзушылық анықталды және Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі қызметшісімен балық аулау әкімшілік бұзушылығы үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Рейд жүргізушулер ең алдымен балықшыларда құтқару құралдарының барына назар аударып, одан кейін әуесқой балықшыларға негізгі қауіпсіздік ережелері бойынша кеңестер беріп, мұз үстіне шыққан кезде қандай қауіп-қатер туындауы мүмкін екендігін түсіндірді. Сонымен қатар балықшыларға судағы жүріс-тұрыс ережелері және жедел әрекет қызметінің телефоны көрсетілген жадынамалар таратылды.

Железин ауданы! Қысқы уақытта балық аулау әуесқойлары алғашқы аязды күтіп, жергілікті көлдердің мұзына шығады. Бірақ осы кездегі балық аулау қауіпті болып саналады. Өзендерде әлі де болса суы қатпаған жерлер бар, сондықтан мұзға шығу адам өміріне қауіпті. Қайғылы оқиғалар мен жарақаттарды болдырмау үшін, Железин ауданы Төтенше жағдйлар қызметкерлері Ішкі істер бөлімі мен Жедел-құтқару жасағымен бірлесіп су қоймалары нысандарындағы қауіпсіздік айлығын ұйымдастырды. Қызметкерлер тұрғындармен алдын алу әңгімелерін өткізуде, сондай-ақ  ауданда  ақпаратттық  тақталар орнатуда.

Балықшылар әккі адамдар, сонда да Төтенше жағдайлар қызметерлері оларға жұқа мұзда жүріс-тұрыс ережелерін және қысқы балық аулау кезінде қауіпсіздік туралы тағы да ескертеді. Сонымен бірге оларға тоңып қалған кезде адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді білуі қажет. Осы мақсатта мұз үстінде шағын камерадан бейнероликтр көрсетілді.

.  

Р.Е.Шаймарданов-

Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы

азаматтық қорғаныс тобының

аға офицері 

Д. Чумаков

Железин ауданы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы

20171223_121702 20171223_121724 DSCN0907 DSCN0908 DSCN0910

Система Orphus