Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
20
574
778908

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы! Әскери, тарихи және мәдени құңдылықтарды сақтай отырып, көбейту

IMG_3900

25 желтоқсанда Павлодар облысының төтенше жағдайлар Департаментінде «Әскери-патриоттық тәрбиелеу ассосациясы» Қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Әскери-патриоттық тәрбиелеу педагогика жүйесінде басты бағыттардың бірі болып табылады. Негізінде оның бастауы бейбітшілікті сақтап қалған жоғары буынға деген құрмет, Отанға деген махаббат арқылы жанұядан басталуы тиіс. Бұл бастапқы құңдылықтар базасын мектеп түзіп, одан әрі өмірге деген құңдылықтар мен көзқарастар жүйесі өзінің оң нәтижелерін береді: қоғам болашақты тұрғызып қана қоймай, одан тыс кез-келген қауіптерге төтеп бере алатын Отан қорғаушысын, елін сүйетін нағыз азаматты алады. Уақыт пен әлемде болып жатқан жағдай әскери-патриоттық тәрбиелеуді «алдыңғы қатарға» шығарды.

 

Оның маңыздылығы Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесінде күн сайын артуда. Оны қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар Комитетінің төрағасы генерал-майор В.Р. Беккер «өсіп келе жатқан буынды қызметтік борышын өтеу барысында батылдық пен батырлық танытқан қызметкерлердің әрекеттері мысалында тәрбиелеп, қызметкерлердің эмоционалды-жігерлік қабілеттерін түзей отырып олардың физикалық даярлық деңгейін жоғарылата отырып, азаматтық, әскери-патриоттық бағытты ескере отырып жүйелі және нақты іс-шараларды іске асыру қажет»- деп атап өтті. Осы сөздердің астарында жеке құраммен жүргізілетін жұмыс қана емес, бүгінгі күннің өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың орнына келіп, олардың ісін жалғастыратын жастармен жұмыс жүргізу керек екендігі жатыр.

Павлодар облысының төтенше жағдайлар Департаментінде бірнеше жылдар бойында жоғарыда тізбектелген құңдылықтар жүйесін жетілдіретін іс-шаралар өткізілуде. Бұл жұмыс аумақтық органмен оның ардагерлер ұйымын және де Павлодар облысының қарулы күштер ардагерлерінің «АЙБЫН» Бағдарлық Кеңесін біріктірді. Бірігіп өткізген маңызды іс-шаралар ішінен «Павлодар облысының Чернобыль Кеңесі» заңды тұлғалар Ассосациясы ардагерлерінің тікелей қатысуымен өткен «Чернобыль – халықтың қайғысы мен жағдайы…» Чернобыль атом станциясындағы апаттың 30-жылдығына арналған кездесу-портреті, Павлодар облысы мен Павлодар қаласының «Ауған және локалды соғыс Мүгедектері мен Ардагерлері» өкілдерімен, Павлодар облысы мен Павлодар қаласының «Ауған-Тәжік шекарасындағы қарулы қақтығысқа қатысушылар мен локалды соғыс Ардагерлері Кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен, «Аэромобильді және ауа-десант әскерлері ардагерлерінің Кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің қатысуымен өткізілген облыстық тәлімгерлер жиынын,  Павлодар қаласында ашық аспандағы жауынгерлік даңқ мұражайына баруды, облыстық ғылыми-практикалық конференцияны және де басқа форматтағы кездесулерді атап өтуге болады. Қатысушылар арасында тәлімгерлер мен гарнизонға жаңа қабылданған қызметкерлер, мектеп түлектері, кадеттер, жедел қызмет солдаттары, мектептердің алғашқы әскери даярлық мұғалімдері мен тәрбие істерінің орынбасарлары, жоғары оқу орындарының мұғалімдері болды.

2017 жыл маңызды іс-шарамен аяқталды-Павлодар облысының төтенше жағдайлар Департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Абай Асқарұлы Темірбаев пен  «Әскери-патриоттық тәрбиелеу ассосациясы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы полковник Олег Владимирович Николашин Павлодар қаласы мен облыстың азаматтарын патриоттық тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Ішкі істерминистрлігі мен басқа да министрліктер мен ведомстволардың күш құрылымдарының, локалды соғыстардың және де оларға қатысушылардың отбасы мүшелеріне, Қарулы күштер мүгедектері мен ардагерлеріне қажетті көмек көрсету, жастарды әскери-отан сүйгіштікке тәрбиелеу, мұражайлық-архивті іздестіру іс-қызметіне, әскери-қолданбалы спорт түрлерін жетілдіру мәселелері бойынша өзара қызмет ету меморандумын бекітті. Бірлесе әрекет ету бағдарламасы құрылып, ол Департаменттің алдағы жылғы идеологиялық және тәрбие жұмыс жоспарына еңгізілетін болады.

«Қазақстандық патриотизмнің негізі – бұл барлық азаматтардың Отан мүддесі үшін құқықтарының тең болуы мен олардың жалпы жауапкершілігі,  (Қазақстан Республикасының ІІМ идеологиялық және тәрбие жұмысының концепциясы).

Атап айта кетсек, бұл мәселе бойынша біз алғашқылардың біріміз  - Республикамызда бұл форматтағы қозғалыс енді күш алып келеді! Эстафетаны әрі қарай жолдаймыз! 

Е. Шевелева

Төтенше жағдайлар департаменті кадр жұмысы бөлімінің бас маманы

азаматтық қорғау подполковнигі

IMG_3906 IMG_3910

Система Orphus