Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
496
664
764537

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы! Төтенше жағдайлар қызметі мамандары тұрғындарды мерекеге дайындауда

Жаңа жылдық және рождестволық мерекелер жақындап келеді, ал олармен бірге қамқорлықкезегі де келеді. Облыс және қалалар аумағында қысқы кезеңде  өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша тұрғындармен жұмыс белсенді атқарылуда. Азаматтар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру әрекет тәсілдерінің бірі жеке тұрғын секторында аула аралау болып табылады. Бұл ретте пеш жылытудың өртке қарсы жағдайына  және тұрғындарға электр құралдарын пайдалану, приотехниканы қолданудағы қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылды.

 

Азаматтық қорғау қызметкерлері азаматтарға тұтануға әкелуі мүмкін пешті жабдықтаудағы немесе электр қалқан құралдарының дұрыс орналастырылмауындағы кемшіліктерді анықтауда ғана көмектесіп қана қоймай, сонымен бірге электр жабдықтарымен, газ құралдары, жылу пештерін қалай қолдану керектігі жайында қолжетімді түрде жазылған жадынамалар мен парақшаларды таратады, соның ішінде, шұғыл қызмет телефондары көрсетілген пайдалы ақпараттар бар.

Жылыту маусымы басталғаннан бері тұрғын секторларда 19 мыннан аса аула аралау өткізілді, өткізу барысында өрт қауіпсіздігі шараларына 40406 адам оқытылды.

Қалалар мен аудандар аумағында жергілікті атқарушы органдармн бірлесіп тұрғындармен 59 жиылыс ұйымдастырылып өткізілді, жиылыс барысында  2003 адам оқудан өтті.

Полиция қызметкерлерімен бірлесіп әлеуметтік жағдайы нашар тұлғалардың тұратын жерлеріне (зейнеткерлер, аз қамтылған және көп балалы отбасылары, нақты қызметі жоқ, нақты тұратын жері жоқ) 125 рейд жүргізілді. Рейд жүргізу барысында 510 адам оқудан өтті.

Адамдар көп жиналатын объектілерде азаматтық қорғау қызметкерлерімен 166 нұсқаулық және 150 дәріс жүргізілді, жалпы қамтылғандар саны 4255 адам. Сондай-ақ өрт қауіпсіздік сенбіліктері өткізіледі.

Өрттің негізгі себептеріне тұрғындардың отты абайсыз қолдануы, пешті салу және оны пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, электр жабдықтарын жөндеу және техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуы, балалардың отпен ойнауы, тұрмыстық электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы жатады.

Естеріңізге саламыз, электр құралдарын пайдалану барысында қолдан жасалған және ақауы бар тұрмыстық  электр жабдықтарын қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Электр плитасы мен  электр шәйнектері жанбайтын материалдан жасалған төсегіште тұруы қажет.

Желіде артық  жүктеме болдырмау үшін бірнеше электр аспаптарын, әсіресе үлкен қуатты электр құралын розеткаға бір мезгілде қоспауға  тырысыңыз, электр сымдарын монтаждауды тек қана маман орындау қажет.

Пешті пайдалану барысында пеш және мұржаның жарамдылығын алдын ала тексеріңіз. Пеш еш сызатсыз және жарықсыз қалануы керек, ал мұржаның түтін тартуының жақсы болуын естен шығармау керек. Мұржа қабатаралық жабындар мен қабырғалар конструкцияларының жануын болдырмайтындай етіп орналасуы қажет. Пештің қызып кетуін болдырмау үшін оны күніне бірнеше рет жағу керек. Пешті тұтандыру барысында  жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды пайданбаңыз және  жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз. Осындай қарапайым ережелерді бұлжытпай орындау төтенше жағдайларды болдырмауға көмектеседі. 

А. Аскарова -

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және

 профилактикалық қызмет басқармасының  бас маманы

Система Orphus