Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
475
664
764516

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Зейнет Бекболатұлы Мырзабаев - Азаматтық қорғаныс басқармасының әскери-жұмылдыру қызметі бөлімшесінің бастығы.

Енді үш күннен кейін барлық қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесін қарсы алады. Бұл қорытынды жасайтын уақыт, туындаған мәселелерге талдау, әрине жоспарлар және алдағы жылғы ойлар. Дәстүр бойынша Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз - қызметі қызметкерлері келе жатқан жаңа жыл алдында өз әріптестерінен осы жылдан алған әсерлерімен бөлісуін және өтіп бара жатқан жыл әрқайсысына несімен есте қалды деген сұраққа жауап беруін сұрады.

5

Ренат Ельгизович Валишанов, Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы. Өтіп бара жатқан  жыл қызмет барысында өте жемісті болды. Біз облыс орталығында резонансты төтенше жағдайларды болдырған жоқпыз. Басқарма Көкшетау техникалық институтының түлектерімен  толықты және олар алған білімдерін тәжірибеде сәтті қолданып жатыр деп айта аламын.  Ал Жаңа жыл - бұл қуаныш және керемет көңіл-күй уақыты, сондай-ақ біздер қорытынды жасаймыз және келешекке жоспар құрамыз. Жаңа жылда барлығына зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, зор сенімділік, күш-қуат тілеймін. Бақыт және жанұяларына амандық.

 

 

6Гүлжахан Оқатаева! Штаб бас маманы. Құрметті әріптестер! Сіздерді Жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!

 

 

 

6-1Сергей Александрович Чернов - Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы. Әріптестеріміздіжән олардың жанұяларын  келе жатқан 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге  және  туған-туысқандарыңызға зор денсаулық, ашық аспан, шығармашылық табыстар, бақыт және дәулет тілеймін, қайғылы  оқиғалар болмасын.

 

 

 

 

7

Андрей Лукьянчиков - жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы. Осы жыл мен үшін ерекше болды. Өтіп бара жатқан жылдың желтоқсан айында мен ерлік пен жанқиярлық көрсеткенім үшін  жоғары мемлекеттік«Ерлігі үшін» медалінаградасына ие болдым. Награданы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Викторович Ильин табыс етті.

Мен адамды құтқару үшін мұздай суға секірген кезімде бір минутта ойлануға уақытым болмады. Құтқарушы - жоғары атағына ие әрбір адам осылай істейтін еді. Мен барлық әріптестерімді келе жатқан 2018  Жаңа жылмен құттықтаймын. Осы жыл амандық, қуаныш және келешектегі үміт жақсылығын әкелсін.

 

 

1

Зейнет Бекболатұлы Мырзабаев - Азаматтық қорғаныс басқармасының әскери-жұмылдыру қызметі бөлімшесінің бастығы. Барша қазақстандықтарды жаңа 2018 жылмен құттықтаймын! Жаңа 2018 жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз бірлігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болып, әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын!

 

 

 

 

 

 

2

Ерлан Касимов - Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері. Мен үшін осы жыл қауырт және есте қаларлықтай болды. Қызметтім жоғарылады, ведомства басшылығының маған артқан сенімін ақтауға тырысамын. Ең бастысы, көптен күткен ұлым дүниеге келді, қазақта айтады, мұраны жалғастырушы. Департамент ұжымы өте тату, комуникалды және ұйымшыл. Мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметіммен мақтанамын. 

 

 

 

3

Александр Фургонов - жедел-құтқару жасағының  құтқарушысы. Қымбатты достар, әріптестер! Жаңа жыл жақындап келеді, осы керемет мерекені ересек адамдар мен бірге балалар да қуанышпен, үмітпен және толқыныспен күтеді. Дәстүр бойынша осы мерекені жанұяда, жақындарымызбен қарсы аламыз.

Бірақта тәулік бойы азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бейімделген бірқатар мамандықтар бар. Міне сол мамандыққа құтқарушылар жатады. Жаңа жыл қарсаңында барлықтарын осы тамаша мерекемен құттықтағым келеді, бәріне жетістіктер, қуаныш пен бақыт тілеймін! Ендігі жылы сіздер біздің көмегімізге мұқтаж болмаңыздар.

 

 

4

Сергей  Геннадьевич  Сытник - Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы. Жыл сайын Төтенше жағдайлар қызметкерлері еңбегімен, ынта-жігерімен және көмекке мұқтаж жандарға кәсіби дайындықпен көмекке келуге дайын екендерін дәлелдейді. Сонымен бірге біз халықтың тыныс-тіршілігі, өмірін қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті бірге атқарған қызметкерлерді өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асырды. Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлеріне ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Олардың көпшілігі әлі де сапта және өздерінің қайраттылығымен, күш-жігерімен, баға жетпес білімі мен тәжірибесін беріп, жігерлілігімен жас ұрпаққа үлгі болып отыр. Барлық азаматтарға осы мереке күндер көңілді және қауіпсіз болғанын тілеймін, ал жыл барлығына жайлы және сәтті болсын!

 

 

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 

Система Orphus