Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
483
664
764524

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Пеш жану емес, жылыту керек

Күнтүзбеде – қаңтар, жылдың басы. Ал терезенің сыртында қыс, аяз, бұрқасын және басқа да ауа райы құбылыстары. Қысқы уақытта далада суық ауа райы болғанда, жайлылық пен жылуды қалайды. Бұл жағдай абаттандырылған пәтерде тұратындарға қатысы жоқ болса, жеке тұрғын үй иелеріне қыста үйді жылыту негізгі тапсырмасы болып табылады.

 

Көз алдына бірден сурет елестейді: жайлы жылы үй, жатуға тамаша ыстықпен лаулаған пеш. Бірақ та пеш алдында алаңсыз жылыну барлығының қолынан келе бермейді.

Далада аяз қатайған уақытта, құтқарушылар «пештен» болған өрттердің саны күрт ұлғайғанын тіркейді. Өйткені қыс уақытында ешқандай қиындықсыз жылыну үшін пеш ең алдымен дұрыс салынған болуы қажет. Пеш алдындағы жағатын жердің еденінде ақауы жоқ ауданы 50*70 см кем емес, жанбайтын материалдан бет болуы қажет.

Пештің жағу есігі жағынан келістері ашық, бос болуы қажет. ЖиҺаз пештен 70 см ара қашықтықта, ал жағу тесіктерінен 125 см кем емес ара қашықтықта орналасуы шарт.

Пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсізідгінің ережелерін сақтауға қатысты, келесі жағдайларда пешті пайдалануға болмайды:

-      Есіктері жарамайтын және жарықтары бар пештерді жағуға. Сол жарықтардан және жаман жабылатын есіктерден от сыртқа шығуы мүмкін, онда өртті болдырмау мүмкін болмайды;

-      Пешті тез жанғыш сұйықтықтармен жағуға (бензин, керосин, еріткіш т.б.). Тез жанғыш сұйықтықтарды пайдаланған кезде будың тарс етіп тұтануы болады, және жағатын тесіктен от сыртқа шығады. Бұл өрт пайда болуымен қоймай қатты күйікке алуға соқтыруы мүмкін;

-       Пеш жаққанда оның жаққыштың көлемінен асатын ағаштарды пайдалану;

-       Ашық отпен пайдалануда тәжірибесі жоқ кішкентай балаларға пеш жағуға рұқсат беру;

-       Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға немесе жас балалардың қарауына қалдыру;

-      Пешті ашық есіктермен жағу. Ашық есіктен еденге түсіп кеткен көмір өртке әкеліп соқтыруы мүмкін;

-       Пеште және оның қабырғаларында киім немесе басқа да тез жанғыш заттарды кептіруге;

-      Пешті шектен тыс қыздыру. Пешті шектен тыс қыздыруды болдырмау үшін күнде оны екі-үш рет жағу ұсынылады.

-       Пеш жағуды ұйықтардан екі сағат бұрын тоқтату керек;

Кез келген жылыту құралдарының техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыру керек. Пештердің беттері мен түтін мұржаларын жүйелі түрде шаң мен басқа да жанғыш шөгінділерден тазаланып отырылуы керек. Күл мен қожды арнайы белгіленген қауіпсіз орындарға төгіп, үстіне су құю керек.

Кірпіш қалауындағы жарықтарды болдырмау мақсатында үш айда бір рет жиналған күйеден тазалап, мұржаны уақытымен түтін тартуының болуына тексеру қажет.

Бірақ біз осындай «ұсақ-түйектерді» ойлаймыз ба? Барлығымызда ауылдық мекендерде ата-аналарымыз, ата-әжелеріміз немесе туыстарымыз тұратынын еске түсіріп отырамыз ба? Олардың қауіпсіздігі жайлы уайымдаймыз ба әлде қарт адамдарды өздерінің мәселелерімен жалғыз қалдырамыз ба? Бірақ пешті жөндеу, электр жабдықтарының дұрыстығын тексеру әбден қиын емес қой. Тек қана жай көңіл бөліп, кәдімгі адамгершілік қарым-қатынас орнату керек. Кім білсін, мүмкін дәл сіз қауіптің бетін қайтара аласыз.

Әрбір үшінші өрт жылыту пештерінің және оның мұржасының дұрыс құрылмауынан және дұрыс жұмыс істемеуінен пайда болады. 

                                                                                                                    А.Буркутбаев

Павлодар қаласы

Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы

азаматтық қорғау капитаны 

Система Orphus