Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
488
664
764529

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы! Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы шығарылды

DSC00009

Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың төрағалық етуімен төтенше жағдайлардыңалдын алу және жою жөніндегі комиссия жұмысының қорытынды мәжілісі өтті.

Автокөлік жолдарын ағымды ұстау бойынша  Жолдар және жолаушы көлігі басқармасы мен «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалының басшылары тыңдалды. Облыс әкімі облыста  25 және 26 желтоқсанда (жаңбыр, көктайғақ, боран) болған ауа райының қолайсыз жағдайларының салдарын жоюға және жол жолақтарын жедел қардан тазартуға ерекше назар аударды. Қызмет көрсететін ұйымдарға бақылауды жүзеге асыру мақсатында ТЖ департаменті және жергілікті полиция қызметінің қызметкері тұрақты негізде инспекторлық шолуды жүзеге асыратын болады.

 

Жедел-құтқару жасағының басшысы Владимир Власов мұз өткелдері бойынша баяндады. Бүгінгі күнге облыс аумағында бір де бір өткел ресми ашылған жоқ, өйткені мұздың орташа қалыңдығы шамамен 18 см құрайды, ал кейбір жерлерде 3-5 см жетеді.

Ауа райының жылуы мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын қосылғанда мұз құрылымы көлік құралдарының қозғалысынан басқа, қауіпсіз жаяу өтуді де қамтамасыз етпейді. Болат Бақауов осыған байланысты қалалар мен аудандардың әкімдеріне мәселені жеке бақылауға алуды тапсырды.

Соңғы мәселе болып комиссияның 2017 жылғы жұмыс қорытындылары қаралды, ТЖ департаментінің бастығы А.Темірбаев өзінің баяндамасында комиссия жұмысының оң нәтижесін атады және атқаруға қажеттілігі бар мәселелерді жеткізді.

Жалпы 2017 жылға комиссияның қызметін негізгі міндеттерге жетіп, тиімді болды деген баға берілді. 

 

М. Шақабаева

Павлодар облысы

Төтенше жағдайлар департаменті

ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы

Система Orphus