Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
14
558
775511

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Өз үйіңді өрттен қорға!

Жыл сайын мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлерімен тұрғын үйде, атап айтқанда: жадынамаларды ұсынуымен тұрғын үйлерге аулалық қарау жүргізу, бұқаралық ақпараттық құралдарына мақалалар жариялау, полиция қызметкерлерімен бірігіп әлеуметтік тәуекел тобының тұрғылықты жерлерде рейдтер өткізу сияқты нақты жұмыстар өткізіледі. Алайда, бұрынғыдай өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында болады. Оған себеп, азаматтардың бар әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларғаына қатысты. Осымен, қазіргі уақытта жылу жүйесі мен электр жабдықтауларына  жөндеу төменгі деңгейде өткізіледі, сондықтан олар істен шыққан жағдайда адамдар өмір тіршілігі жағдайын қамтамасыз етудің өзге де әдістерін пайдаланады.

Кей кезде өмір тіршілігінің қарапайым тұрмыстық жағдайларыдың болмауы пеш жылытуын, жылыту құралдарын пайдалану ережесін бұзуымен, өртті абайсыз қолдануымен байланысты, өрт саны өсуінің  (әсіресе қыста) алдыңғы жағдайы болып табылады. Көптеген адамдар жертөлелерде, шағын бөлмелерде, қоймаларда, гараждарда краскасы бар ескі банкілерді, тіпті бензині бар канистрларды сақтайды, ал автокөлік иелерінде аккумулятор батареялары мен автокөліктің дөңгелек қаптары міндетті атрибут болатыны айдан анық.  Сондықтан, егер бұл бөлмеге немесе ғимаратқа сөнбеген шылым түссе, ащы түтін мен уландырғыш затты көп шығаратын тұтану, жану, өрт болуы мүмкін. Осындай жағдайда, тұрғын үйлерде өртке қарсы қорғанысты қамтамасыз ету өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Оның ойдағыдай шешімі, өртке қарсы қызмет органдарымен қабылданатын шаралардан басқа, тұтастай облыс тұрғындарына қатысты. 

         Тұрғын үйлерде өртті болдырмау үшін және жақын адамдардың өмірін, сонымен қатар материалдық құндылықтарды сақтап қалу үшін өрт қауіпсіздігінің ережесін сақтау қажет, атап айтқанда: жылыту пешін жөнделген күйінде қолдану керек. Пешті салуға немесе жөндеуге білікті шеберлерді шақыру керек. Электр сымдарының дұрыстығын тұрақты бақылап, жарамсыз боп қалған электр сымдарының учаскелерін уақытылы ауыстырып отыру қажет. Зауыттан шығарылған сақтандырғыштарын ғана пайдалану керек, қолдан жасалған сақтандырғыштарды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Қатып қалған су құбырының, канализацияның және жылыту жүйесінің мұржаларын ашық отпен жылытуға болмайды, мұны ыстық судың немесе құмның көмегімен ғана жасауға болады. Шатыр мен жертөле ғимаратын  жанатын материалдармен немесе қоқыспен толтыруға болмайды. Өз ауланың аумағын тұрақты таза күйде ұстау қажет.

 

Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының

мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы

Ж. Майманов  

Система Orphus