Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
208
313
712702

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

P1013435

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

22 жылғы қызметін төтенше жағдайларға арнады.

Сонша уақыт бойы Гүлсара Алпысқызы Майкина азаматтық қорғау құрылымында қызмет етуде, қазіргі таңда ол Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінде төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы болып табылады.Зиялы, ұстамды, мейірімді Гүлсара Алпысқызы Департаментте жауапты жұмыс учаскесіне жауап береді: жыл сайын су тасқыны кезеңі бойынша ақпаратты жинастырып, апаттың алдын алу бойынша қандай шаралар қабылдауы керек екендігін хабарлайды. Көктемде біздің ауылдарымызды еріген сулармен баспауында  оның да еңбегі.-жыл сайын су тасқыны кезеңінде Баянауыл ауданындағы екі шағын ауылды сумен басу қауіпі туындайды. Бірақ қандай болмасын жағдайға дайын болуымызға байланысты, біз шұғыл түрде ауданға құтқарушылар жасағын жібердік, елді мекеннің аумағындағы бөгетті нығайттық, тұрғын үйлердің бойымен құмға толы қаптарды қаладық, жоғары орналасқан жерге үй жануарларын айдап шықтық. Осылайша ішінде проблемалар шешіледі, – деп баяндады маман.Мамандығы бойынша ол география және биология пәндерінің мұғалімі, екінші жоғарғы білімі – «мемлекеттік және жергілікті басқару». Басты кейіпкеріміздің сөзі бойынша жұмыстың басында көп нәрсені үйренуге тура келді: сансыз қағаздарды толтыру, халыққа неліктен өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау қажеттігін түсіндіру керек. «Біз үлкен құлшыныспен іске кірісіп, кейбір адамдармен бүгінгі күнге дейін жылы қарым-қатынасты сақтап келеміз», - деп күлімдеді Гүлсара Аспысқызы.

-Сіз су тасқыны қауіпі кезеңіне ғана жауап бермей, жыл бойы бас көтермей еңбектенесіз. Ал қызметіндегі 22 жылдың ішінде аса маңызды жоба қайсысы болды?

 

- Бұрынғы Павлодар химиялық зауыты орнындағы демеркуризациялық жұмыстары шығар. Тәулік бойы кезекшілік етіп, жағдайға мониторинг жасадық, есеп бердік... Әлі күнге дейін сол кездегі қала әкімі Николай Чмыхтың масштабты операция үшін берген алғыс хатын  сақтап келемін. Бұл алғыс хатқа қасықтар жинағы қоса берілген болатын, - деп күлді сұхбаттаушымыз, - өте әдемі, алтын түстес, оюлармен жасалған болатын. Бұл сыйлық  осы күнге дейін естелік ретінде қорабымен сақталып тұр.

-Жұмыстан қалай демаласыз?

-Менің достарым көп, және де кітаптарды оқығанды жақсы көремін. Өлеңдерді жақсы көремін, кейде оларды тіпті жан-дүнием қажет етеді. Ал еңбек демалысымда шағын отаным – Қашыр ауданының Жаңақұрылыс ауылына барамын. Ол жерде көл мен қайың  ағаштары бар. Таңқалдырарлық табиғат – бүлдіргендер, тасбүлдіргендер, саңырауқұлақтар өте көп. Және де ол жерде әкемнің үйі бар. Бұл үй жаңа істерге күш беріп, қуаттайтыны мәлім.Наурыз – менің ең сүйікті айларымның бірі, оның мерекелері өте көп: мұнда 8-наурыз, 10 наурызда менің туған күнім, Наурыз мейрамы... сонымен қатар 28 наурыз- бұл күні мен ТЖМ құрылымына жұмысқа орналастым. Өмірімді осы ұйыммен ұштастырдым десе болады. Әріптестерімен не тілесем екен? Көптеген жылы сөздерді естісін. Және де 8 наурызды нәзік жандыларымыз тек қана өздеріне арнасын, олар оған лайықты. Мерекелеріңізбен!

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  баспасөз қызметі           

 

 

 

 

 

 

 

 

Система Orphus