Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
109
260
751574

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Ардагер және еңбеккерді Жеңіс күнімен құттықтады

060518Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында 12 тыл еңбеккерлері, азаматтық қорғау ардагерлерінің үйлеріне барды. Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары А. Двинянин және Адрагерлер кеңесінің төрайымы К. Асқарова Жеңіс күні қарсаңында Павлодар Ертіс өңірі өртке қарсы қызметтің негізін салушылардың бірі Ю.В. Колесниковті құттықтап “Өрттен қорғаудың 100 жылдығы”  мерейтойлық медалін табыс етті.

Юрий Васильевич - Павлодар облысының тумасы. Алпысыншы жылдары әскери комитеттің шақыруы бойынша жастар милиция қатарына жұмысқа келді. 1966 жылы Павлодар аудандық милиция бөлімінің мемлекеттік өртті қадағалау инспекторы лауазымы қызыметінен бастады. Бір жылдан кейін ол аға инспектор, екі жылдан кейін бөлім бастығы болды. Ұйымдастырушылық қасиеті, кәсіби біліктілігі үшін 1978 жылғы қаңтар айында Ю.В. Колесников Павлодар облысы атқару комитеті Ішкі істер басқарманың № 32 әскериленген өрт бөлімінің орынбасары лауазымына тағайындалады. Қызметтегі кезінде Юрий Васильевич Свердловск өрт-техникалық училищесін, кейіннен Павлодар индустриалды институтының өндірістік және азаматтық құрылыс факультетін бітіреді. Ю.В. Колесников 1985 жылдан 1993 жылға дейін Ішкі істер басқармасының өрт күзеті бөлімі бастығының орынбасары, ал 1993 жылдан құрметті демалысқа шыққанша Павлодар облысы Ішкі істер басқармасының әскериленген өрттен қорғауды қамтамасыз ету қызметінің бастығы. Мінсіз қызметі үшін 3,2,1 дәрежелі медальдарімен марапатталды. 1986 жылғы 22 қаңтарда Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Кеңес Жарлығымен “Өрттегі ерлігі үшін” медалімен марапатталған.Ағымдағы жылғы қыркүйек айында ардагер 80 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол әрқашанда сергек, жинақы. Отставкаға шықсада ардагер өз әріптестерімен байланысты үзбеген, Төтенше жағдайлар департаменті  мен Ардагерлер кеңесімен өткізілетін көптеген іс-шараларға қатысады.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Система Orphus