Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
41
173
674356

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG_9769

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Біздің бүгінгі бақытты және тыныш күндеріміз - үлкендердің арқасында

Біздің бүгінгі бақытты және тыныш күндеріміз ашаршылыққа, 12 сағат бойы далада жұмыс істегендеріне қарамастан, кішкентай кезінен бастап еңбек еткен үлкендердің, тыл еңбеккерлерінің арқасында. Бұрыңғы өрт күзетінің жұмыскерлері және тыл еңбеккерлері үнемі Павлодар гарнизонының жеке құрамының, Төтенше жағдайлар департаменті құрылымдық бөлімшелерінің қамқорында. Барлық қарт ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін жыл бойы олардың әр қайсысына қамқор болатын, белгілі Басқармалар және бөлімдер белгіленген. Барлық салтанатты іс-шараларға ардагерлер шақыртулар алады. Барлық қатысуға ниеттенетін ардагерлерге көлік беріледі. Денсаулықтарына байланысты өздігінен қозғала алмайтын тыл еңбеккерлері ардагерлерін қызметтің қызметкерлері үйлеріне барды.

Жеңіс күні мейрамы қарсаңында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ардагерлер Кеңесімен бірге тыл еңбеккерлерін, соғыс қатысушыларының жесірлерін естелік медальдарын және материалдық көмектерін тапсыру үшін үйлеріне баруды ұйымдастырды. № 34 өрт сөндіру бөлімінің жас ұрпағы Тищенко Евдокин Тимофеевнаға және Божко Геннадий Ивановичқа барып келді. Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Павлодар қаласының ең қарт тұрғынын, тыл еңбеккерін Яковенко Ирина Евгеневнаны үйіне құттықтап барып келді.

80 жылдық мерей-тойымен ардагер Нагишева Рысжанды Ардагерлер кеңесінің төрайымы К. Асқарова және "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы           А. Алдажаров құттықтады. Сол күні олар тыл еңбеккерлері Алимова Мария Иосифовнаға және Кравческая Таисия Ивановнаға құттықтап, барып келді. Ардагерлерге сыйлықтар мен гүлдерден басқа өрт күзетінің 100 жылдығына арналған естелік медальдарын табыстады.

Ардагерлер жастарына және денсаулықтарына қарамастан бұрыңғы әріптестерін көргенде балаша қуанып, өздерін жақсы сезінуде. Барлығы 85 жастан аттап өтсе де, бізді қуанышты, көңілді әйелдердің қарсы алғаны таңқалдырды. Бізге өз еңбектерінің жемісін, біреуі әдемі кестесін көрсетсе, басқасы саяжайға дайындап қойған өскіндерін тамашалатты. Осы емес пе өсіп келе жатқан ұрпаққа мысал болатын, болашаққа нық сеніммен қарауға, өмір сүйгіштікке үйрету.   

Тыл еңбеккерлері көңіл мен қамқорлық үшін барлық жеке құрамға үлкен алғыстарын білдірді.

 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар

департаментінің мемлекеттік тіл және

ақпарат тобы        

 

Система Orphus