Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
514
289
698267

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

56571272_383475988907895_5052385347497009903_n

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Шағын кемелер қозғалысы кезіндегі судағы қауіпсіздік шаралары

 Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы жайсыз оқиғалардың алдын алу мақсатында азаматтарға қайықпен серуендеу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік қағидаларын естеріне салады. Қайыққа отырмас бұрын, оның жарамдылығына, мықтылығына, ескектер, тұтқа, ескек тұтқасы, құтқару дөңгелегі, суды төгетін қауға орындарында екеніне көз жеткізу қажет. Қайық бірқалыпта болуы үшін оған бір-бірден отыру керек, тақтайдың ортасынан басып, орындықтарға тең бөлініп отыру қажет. Қайық жүзіп бара жатқанда ауып кетпеу үшін орындармен ауысуға және қайықтың жиегіне отыруға болмайды.

 

Ескектермен біркелкі есу қажет, ескекте отырған адам басқа қайыққа соғылып қалмас үшін өте мұқият болуы қажет.

Серуендеп жүрген уақытта қайықтардың жүзу бойымен оң жақта, жағадан 20 метрден алыс емес жерді ұстанып отыру қажет. Егер басқа қайықты қуып жетіп айналып өту үшін сол жақты алу керек.

Ескекті қайықтар бумен жүретін, моторлы және қалқанды қайықтарға жол берулері қажет. Теплоход пен катерлерге жақын жүру өте қауіпті. Өтіп бара жатқан кемелерден жиі-жиі және қысқа белгілер берілсе, ескекті қайық қауіпсіз арақашықтыққа ығысуы қажет.

Сонда, кемеден алыстаған кезде толқынды қайықтың тұмсығымен кесе жүзуге тырысу қажет, өйтпеген жағдайда толқын күшінен қайық аударылып кетуі әбден мүмкін. Қайық қозғалысы кезінде ешқандай оғаш қылықтарды жібермеу қажет – ол өміріңе қауіп төндіруі мүмкін.

Егер қайық аударылып қалса, үрейленуге болмайды. Ең алдымен малти алмайтын адамдарға көмектесу керек. Су ішінде тұрсаңыз да қайықтың шетінен ұстап, бар күшіңізбен жағаға қарай итермелеңіз.

Батып бара жатқан адамға көмек көрсету кезінде өте сақ болыңыз, артық күрт қозғалыстар жасамаңыз, қайықты бір жаққа қисайтпаңыз. Естеріңізде болсын, аударылған қайық су бетінде жүзіп жүреді және ол жақсы құтқару құралы ретінде пайдасын тигізе алады.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда  БІРЫҢҒАЙ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНЕ 112 телефоны арқылы қоңырау шалыңыз.

 

С.Шериязданов

Жедел-құтқару жасағы

басшысының орынбасары

Система Orphus