Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
147
213
752037

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы! Біз өз еліміздің патриоттарымыз

«Қазақстан – менің елім, Отаным, мемлекетім». Қазақстанда тұратын әрбір азамат бұл сөздерді мақтанышпен айта алады. Бұл ретте өз елінде тұратын әрбір азаматтан, оның ісінен еліміз туралы әлемде қандай пікір қалыптасатыны, болмысымызды, экономикамызды, жалпы халқымызды қаншалықты сипаттай алатыны тек өзімізге байланысты екендігін түсінеміз. Тәуелсіздік жылдары халқымыз бірлікте болған жағдайда ғана экономиканы дамытып, биік белестерді бағындыратыны, әлемдік дағдарыстарға, тұрақсыздыққа қарсы төтеп бере алатындығын әлдеқашан дәлелдеген. Экономикасы дамыған елдермен бір қатарға тұру үшін, ең алдымен біз өз тарапымыздан қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерді жоюымыз қажет, яғни өзімізден бастау қажет.

 

Қазіргі заманның нарықтық қатынастарында, «сен маған қолғабыс етсең, мен де құр қалмаспын» сызбасы өз орнын тапқан сияқты, туыстық байланыс, алғыс ретінде берілген қымбат сыйлықтар, жақын таныстық пен жерлестік негізінде қызмет бабында өсуге барынша көмектесуге басымдылық берілген. Көбінесе бұндай жобаларды  адамдар жемісін берді деп айта алмаймыз. Шын мәнінде елімізге, біздің экономикамызға пайдасын тигізе алатын үздік жобалар, адами кадрлар іске асырылмай қалды.

Сондықтан да, Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаев ең алдымен билік эшелондарында, жергілікті, атқарушы органдардың барлық деңгейлерінде, сондай-ақ барлық салаларда сыбайлас жемқорлықты жоюға шақырды. Және бұл жағдай біздің ведомствомызда оң нәтижеселерін берді: қызметкерлерді жеке және іскери қасиеттеріне қарай іріктеудеміз, өндіріс салаларын дамытуға арналған тиімді жобалар енгізілуде, білім беру және қызмет көрсету сапасы жақсарды.

 

Ә. Оспанова

Павлодар облысы ТЖД

"Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары" ММ

Кәсіби даярлау мектебін бастығының

міндетін уақытша атқарушы

Система Orphus