Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:
53-60-57
ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:
1402
Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері
55-25-23, 55-25-53, 55-77-08
Шұғыл телефондар
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Құтқару қызметі | |||
---|---|---|---|
112 | 112 | 112 | 112 |
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды | |||
201-112 | 201-112 | ||
Өртке қарсы қызмет | |||
101 | 101 | 101 | 101 |
БКДК басқармасы | |||
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49 |
Авторизация
Пайдаланушыларды есепке алу
Павлодар облысы! Саяжай иелері өрт қауіпсіздік ережелеріне үйретілуде
- 14.06.2018 11:10
Жыл сайын өрт қауіпті кезеңде Павлодар қаласының аумағындағы саяжайларда, адамдардың немқұрайлығының кесірінен өрттер болады. Саяжай иелері қоқыс пен құрғақ шөптерді өртеп, салдарын ойламайды. Өткен демалыс күндері азаматтық қорғау қызметкерлері саяжайлардағы рейд жұмыстарын жүргізуге шықты. Саяжайлардағы алқапты жинау аяқталып қалды, бірақ саяжай аумағынан тыс жерлерде инспекторлар, жағу үшін дайындалған саяжай қоқыстарын байқап қалды. Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне кездескен әрбір саяжай иесіне құрғақ шөпті өртеген үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені түсіндірілді.
Алдын алу және үгіт насихат жұмыстарын жүргізу үшін саяжайға дауыс зорайтқыш құрлығысы арқылы саяжайлардағы өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіретін, хабарлау автомобилі жіберілді. Автомобилдің соңынан азамттық қорғау қызметкерлері тағы да тұрғындарға қарапайым қағидаларды түсіндірді. Бір қуанарлығы көбі осы ережелерді күн сайын радиодан, теледидардан және де дауыс зорайтқыш автокөлігінен жиі естіп, интернет желісі мен баспасөз қызметінен оқитынын және бұлжытпай орындайтынын айтты.
Рейд жұмыстарының нәтижесінде 273 саяжай қамтылып, 137 саяжай иелері учаскеде болды, қалғандарына есіктерінде жадынамалар қалдырыды.
Осындай рейд іс-шаралары апта сайын қаланың барлық саяжайларында өткізіледі. Және біз көктем-жаз кезіндегі өрт санының азаюы біздің жұмыстың жақсы көрсеткіші мен нәтижесі болатынына сенеміз.
Н. Мұқат
Павлодар қаласы ТЖБ
мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің Инженері