Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
119
260
751584

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы! Радионың тікелей эфирінде балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі туралы

Апта сайынғы  кезекті радио бағдарламаға ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы Меруерт Шақабаева шақырылған болатын. Тікелей эфирдің негізгі тақырыбы кішкентай балалармен болған жазатайым оқиғаларға жол бермеу туралы  мамандардың ұсыныстары болды. Кейбір бейқам ата-аналар балаларды су айдындарына қараусыз жібереді, басқалары дүкенге немесе басқа жұмыстармен шыққанда оларды жабық үйде қалдырады. Ал балаларды әдеттегідей терезенің ар жағында болып жатқан оқиғалар қызықтырады. Пейзаж, аспан, өмірдің қалай өзгеретіні. Кішкентай қиялшылар үшін терезе әдемі панорама түрі бүкіл әлем болуы мүмкін. Ыңғайлы отырып алып, байқау, байқау, байқау.

Кішкентай балалар, тіпті аз сәтке қараусыз қалса, терезеден құлап,  өмірмен үйлеспейтін жарақаттар алады. Оның себебі  - үлкендердің бейқамдығы. Терезені ашқанда, ол балалар үшін ойын екенін ойламайды. Ол қауіпті білмейді. Статистика тек ғана зейінсіз ата-аналардың балалары терезеден құлайтынын көрсетеді.

Азаматтық қорғау қызметкерлері, ата-аналар үшін арнайы жаднамалар әзірледі және келесі үсыныстарды орындауларын сұрайды:

-       егер үйде кішкентай бала болса,  терезелерді ашық қалдырмаңыз,  бір секундқа бұрылып кеткеннің өзі жеткілікті, бала өмірінің ақырғы сәті немесе оны өмір бойы жарымжан ету мүмкін;

-       терезені тиісті қорғаусыз москиттік торларды пайдаланбаңыз –балалар оларды берік тірек деп,  оларға сүйенуді ұнатады, содан соң онымен бірге құлайды;

-       балалар терезенің алдына шығып және терезеден төмен құламау үшін терезеге жақын жиһаз қоймаңыз.

Бағдарлама спикері ағымдағы жылдың басынан бастап  терезеден құлағандарды мысалға келтірді, барлық орын алған жазатайым оқиғаларда   ата-аналардың кінәлі екенін атап өтті.

Құрметті ересектер! Сіздерден кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмауларыңызды бұлтартпай сұраймыз.

Бағдарламаның соңында маман төтенше жағдайлар жағдайлар туындаған кезде қайда хабарласуына болатын, шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін еске салды.

 

Павлодар облысы

Төтенше жағдайлар департаментінің

ТЖ алдын алу бөлімі

Система Orphus