Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
11
858
644676

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG_9769

Білсеңіздер –құтқара аласыздар

Күн сайын жылыту маусымы басталғаннан бері тұрғын үйлер мен  пәтерлердегі тұрмыстық өрттің саны ұлғайып келеді. Оның себептері пешпен жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

Күзгі және қысқы кезеңде тұрғын үйлерде өрттің шығуының негізгі себептерінің бірі пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Өрт көбінесе пешті қатты қыздырып жіберуден, кірпіш қалауда жарықтың пайда болуынан, тұтану кезінде жанғыш және тез өртенетін сұйықтықтарды пайдаланудан болады.

Еске салатын маңызды нәрсе, өрт сияқты қасіреттің алдын алуға болады, ол үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет.

 

Пешті пайдаланудың негізгі ережелері:

Жылыту маусымы басталмас бұрын пештің өзін және түтіндікті тексеріп алу қажет, ақауы болса жөндеп, күйіктен тазалау керек. Жарық жерлері болса сазды балшықпен өңдеп, шатырдың астындағы,төбедегі түтін шығатын тұрбаны ақтау керек. Үш айда бір реттен кем емес бөлме пештерінің түтіндіктерін күйіктен тазалау керек.

Пеш жанып жатқанда оны әр дайым бақылап жүру керек.

Есте сақтаңыздар пешті күніне бір бірақ ұзақ уақыт жаққанша, күніне 2-3 реттен 1-1,5 сағат жаққан дұрыс.

Жақындарыңызды үйретіңіздер, пештің маңайынажәне үстінежанатын заттарды қоюға , киімдерді кептіруге болмайды.

Пештің есігі ашық тұрып жануын болдырмаңыз.

Жылытқыш заттарды пайдалану кезіндегі негізгі ережелер:

Электр құралдарын пайдалану кезінде қолдану бойынша нұсқауын мұқият оқып танысу және онда жазылған талаптарды бұзбау керек.

Күнделікті электр өткізгіш сымдарды, розеткаларды, жылытқыштардың штепсельді ашасын түнгі уақытқа қосып қалдырмаңыздар және онда киім кептірмеңіздер.

Ауа райы суытқан сайын қосылатын жылытқыш құралдардың саны арта түседі, ол электр қуатына жүктеме. Қалыпты тырысудың нәтижесінде, сонымен қатар ұзақ уақыт асыра  пайдаланудың нәтижесінде электр өткізгіш сымдарының матасуы өрттің шығуына әкеп соғады.

Алдын алу шаралары:

-тұрғын бөлмелерде өрт болғанын автоматты түрде хабар құрал орнату керек;

-пеш пен жылытатын электр құралдарын жөнделген жағдайда перделер мен жиһаздардан алыс жанбайтын тіреуде пайдалану керек.

- жөнделмеген жылытатын құралдарды, сонымен қоса қолдан жасалған жылытқыш заттарды пайдаланбаңыз.

Өрттің шығу себептерінің ішінде көп орын алатын үздігі адамдардың өз қауіпсіздіктеріне жауапсыз қарауы – отты байдалану кезінде абай болмау.

Есте сақтаңыз өрт көп жағдайда мағынасыз жанудан басталады.

Қызыған заттың иісі шығу, басында жеңіл аса білінбей уақыт өте иіс күшейе берсе және көзге  әсер ете бастаса – бұл өрттің алғашқы белгілері.  Басталып келе жатқан өрттің белгілерін білу өртті уақытында аңғарып керекті шаралардықолдану  өртті жылдам жоюға көмектеседі.

Өрт болған немесе түтіндеген жағдайда ойланбастан нақты мекен жайды көрсетіп «101»  нөміріне хабарласыңыздар. Есте сақтаңыздар уақытында хабар берілмеген өрттің соңы адам өліміне әкелуі мүмкін.

 

Павлодар облысы ТЖ департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы

бақылау және профилактикалық қызмет

басқармасының бас маманы – Айнұр Асқарова

Система Orphus