Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
55
973
698781

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

56571272_383475988907895_5052385347497009903_n

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Төтенше жағдайларға дайындық және ден қою

 IMG_2979Қазақстан Республикасы Қызыл Ай Қоғамының Павлодар облыстық филиалы «ТЖ дайындық және ден қою» бағдарламасының шеңберінде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен 2019-2020 жылдарда Павлодар облысының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпкерлерін қатыстыруымен халық арасында қайғылы жағдайлар қаупін төмендетуге бағытталған «Павлодар облысында қайғылы жағдайлар қаупін төмендету жүйесін нығайту арқылы қоғамдастықтар бекемдігін құру» ұзақ мерзімді  жобасын іске асыруды жоспарлайды.

Жобаның мақсаты: қайғылы жағдайдың туындауына дейін, уақытында және кейінгі іс-әрекеттер дағдыларына халықты оқыту, ТЖ белсенділері және командалары санынан, мұғалімдер санынан жергілікті бастамалық топтарды (ЖБТ) құру және оқыту, ақпаратты материалдармен қамтамасыз ету, ТЖ туындау жағдайына қажетті құралдармен жабдықтау.

Ағымдағы жылы жобаның алдын ала кезеңінің шеңберінде, облыстың 13 ауданы мен қаласы қамтылған. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қызыл Ай  Павлодар филиалы мамандарының қатысуымен «ТЖ дайындық және ден қою» бағдарламасы бойынша мемлекеттік құрылымдар, оқушылар, кәсіпкерлер үшін бір күндік семинар – практикумдарын өткізді. Сондай-ақ аудандық әкімдіктерінің басшыларымен, мектептер, денсаулық сақтау әкімшіліктерімен жұмыс бабындағы кездесулерді өткізді.

 IMG_3007 IMG_3039

 

Ә. Жанабаев   

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері  

Система Orphus