Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:
53-60-57
ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:
1402
Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері
55-25-23, 55-25-53, 55-77-08
Шұғыл телефондар
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Құтқару қызметі | |||
---|---|---|---|
112 | 112 | 112 | 112 |
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды | |||
201-112 | 201-112 | ||
Өртке қарсы қызмет | |||
101 | 101 | 101 | 101 |
БКДК басқармасы | |||
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49 |
Авторизация
Пайдаланушыларды есепке алу
Спортпен шұғылдану - салауатты өмір салтының кепілі
- 06.11.2018 12:56
Азаматтық қорғау қызметкерлерінің дене шынықтыру дайындығы кәсіби дайындықтың міндетті бөлігі болып табылады және жеке құраммен өздерінің қызметтік міндеттерін сәтті орындауға, жоғары еңбекке қабілеттілігін сақтауға ықпал ететін икемділіктеріне және дағдыларға, дене бітімінің сапасына ие болуға бағытталған.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде оқу жылының аяқталуы бойынша қызметкерлерде дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтарды қабылдау ұйымдастырылған. Кәсіби дайындық бойынша кәсіби дағдылар деңгейі қызметкерлер үшін бақылау нормативтерін орындау нәтижелерімен анықталады.
Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативті тапсыру кезінде қызметкерлердің жас мөлшерінің санаты есепке алынады.
Дене шынықтыру дайындығының деңгейін тексеру барысында, қызметкерлер келесі тәртіпте нормативтерді орындады:
Ер адамдар: жас мөлшерінің санаты бойынша 60/100, 1000 м қашықтығына жүгіру; тандау бойынша – белтемірде тартылу немесе брусьяға тіреліп тұрып қолды бүгу және жазу; өрт – құтқару дайындығы – орнатылған жылжымалы баспалдақпен 3 қабаттағы терезеге көтерілу.
Әйелдер: жас мөлшерінің санаты бойынша 60/100, 1000 м қашықтығына жүгіру; кешенді күштік жаттығу; өрт – құтқару дайындығы – құтқару арқанын ғимарат құрылысына 4 тәсілдің біреуін пайдаланып бекіту.
Нормативтерді тапсыру нәтижелері бойынша қызметкерлер жалпы дене шынықтыру дайындығының жақсы нәтижелерін көрсетті.
А. Арынов
Павлодар облысы
Төтенше жағдайлар департаменті
Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері