Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
5
322
673081

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG_9769

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы: "Адами капитал - жаңғырту негізі"

IMG_8878

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа деген Жолдауында қазақстандықтардың өмір сүру сапасының ажырамас бөлігі болып табылатын қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөле отырып, құқық қорғау органдарының жұмысында сапалы өзгерістер жүргізу жөніндегі міндеттерді қойды.

Мемлекет басшысы Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп "Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын" қабылдауды тапсырды. "Біріншіден, ІІМ-нің штаттық санын оңтайландыру, полицияны өзіне тән емес функциялардан арылту керек. Екіншіден, полиция қызметкерлерінің жаңа стандартын бекіту және мансаптық өсудің жүйесін өзгерту, сондай-ақ полицияның академиясы арқылы кадрларды даярлау және іріктеу қажет.

Үшіншіден, халықпен жұмыстың жаңа заманауи форматтарын енгізу, полицияны бағалау өлшемдерін түбегейлі өзгерту қажет",-деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы.

Елбасының осы тапсырмалары Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұжымына да ерекше жауапкершілікті жүктейді. Осыған байланысты біз төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі өз қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға ниеттіміз.

Нұрсұлтан Әбішұлы өз Жолдауында полиция жұмысын бағалаудың негізгі параметрлері қоғам тарапынан сенім деңгейі және халықтың қауіпсіздік сезімі болуы тиіс екенін атап өтті. Біздің қызметіміздің сапасын арттыру үшін жеке құрамның кәсіби дайындық деңгейін арттыру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу қажет. Осындай маңызды және қажетті саланың сенімді жұмыс істеуін тек жоғары білікті мамандар, өз ісінің мамандары ғана қамтамасыз ете алады. Өйткені біздің басты капиталымыз-адамдар. Бүгінгі күні-бұл біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі.

Жас қызметкерлердің алдында біз жақсы дене бітіміне жету үшін ғана емес, сонымен қатар жоғары моральдық қасиеттерге, психологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін мақсат қоямыз. Олар кең ой-өрісі, терең кәсіби білімі болуы керек. Өйткені олар көбінесе өмірлері және техниканы қатерге тіге отырып, шұғыл жағдайларда жұмыс жасауға тура келеді. Сондықтан біз жас мамандарға патриоттық тәрбие беруге аса көңіл бөлеміз, "Рухани жаңғыру", "Туған жер" және тағы басқа мемлекеттік бағдарламалар аясында түрлі іс-шаралар өткіземіз.

Біздің жауынгерлеріміз нағыз ерлікке ұқсайтын жанкешті еңбекке дайын болуы керек. Адамдарды және олардың мүліктерін құтқаруға, өртті сөндіруге және әр түрлі төтенше жағдайларды жоюға тура келеді. Бірде-бір шақыру назардан тыс қалмауы керек. Біздің құтқарушылар кез-келген қиын жағдайда өңірдің тұрғындарына көмекке келуге тиіс.

Жолдауда біздің сала үшін нақты бағдарлар айқындалған. Бұл штаттық санын оңтайландыру, құқық қорғау жүйесінің қызметкерлерін тән емес функцияларынан арылту, жалақыны көтеру, тұрғын үй және өзге де әлеуметтік мәселелерді шешу. Бірақ та қазіргі замандағы қызметкерлердің имиджіне қойылған талаптар да зор. Біздің алдымызда азаматтық қорғау қызметіне деген халықтың сеніміне ие болу міндеті тұр. Жыл сайын азаматтармен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдерін енгіземіз, жаңа жобалар мен акциялар қабылданды, олардың шеңберінде аз қамтылған және қарт адамдардың қауіпсіз өмір тіршілігін қамтамасыз етуде көмек көрсетіледі. Екі жыл қатарынан улы газды айқындайтын датчиктерін тегін орнату бойынша жұмыс жүргізілуде. Жылу беру маусымының алдында түтін мұржаларын тазарту, пеш алдына темір қаңылтырды төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жылдан жылға көрнекі үгіттеу жұмысы, халыққа профилактикалық сипатындағы ақпаратты жеткізу тәсілдері жақсарылуда.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар аумақтық органының қызметкерлері Мемлекет басшысының халықты төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі біздің қызметімізді дамыту мен жақсарту үшін жаңа серпін беретін бастамасын орындау бойынша барлық шараларын қабылдайды.

 

 

Қ. Т. Бертыбаев

Павлодар қ. Төтенше жағдайлар басқармасы

бастығының орынбасары

Система Orphus