Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
153
453
697346

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

56571272_383475988907895_5052385347497009903_n

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Болашаққа бағыт: рухани жаңарту

IMG_0471

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың басты шарттарының бірі-өз ұлттық мәдени - генетикалық кодын сақтау болып табылатынын атап өтті, бұнда іргетасының негізі - патриотизм.

Құндылықтар мен адамгершілік бағдарлармен біріге отырып, патриотизм ұлттық идеяға ие болады. Осыған байланысты патриотизм мемлекеттің ұлттық стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылады және оның негіздерінің бірі өзінің кіші Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікте қаланады.

 Бірақ біздің Президентіміз өз мақаласында жас ұрпақты зерттеуге, өзінің шағын отанын білуге және сүйетініне үлкен көңл бөледі.          Облыстың әр аймағында шығу тарихымен, мемлекеттің қалыптасуымен байланысты орындар бар, онда рухы күшті, өз Отаны үшін жауапты адамдар өмір сүреді. Соның бірі азаматтық қорғау қызметкерлерімен  кездесуде болған, Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Шәкіров Қорабай Шәкірұлы құрметті азаматы болып табылады. 

К. Ш. Шәкіров осы ауданның тумасы. Орта мектепті тәмамдаған соң Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтына түседі. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін туған өлкесіне оралады. Ауданда жиырма жылдан бері әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, ал 8 жыл Баянауыл ауданының әкімі болды.  2011 жылы Павлодар облысы әкімінің көмекшісі лауазымында зейнетке шықты. Ол Баянауыл, Ертіс аудандарында, сондай-ақ Павлодар облысында құрметті тұрғын болып табылады, "Құрмет" орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.

ТЖ бөлімі мен №28 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесуде Қорабай Шәкірұлы қазақ халқының салт– дәстүрлерін сақтау туралы айтып, біздің ұлттық салт-дәстүріміз, тіл және музыка, әдебиет бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бізбен мәңгілік қалуы тиіс екенін атап өтті. "Менің ойымша, туған өлкемді зерттеуде өте маңызды сәт – біздің бірегей ауданымыз бай мұражайларға, мәдени көрікті жерлерге, табиғи нысандарға бару".

Дөңгелек үстелге қатысушылар қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі басты жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттерін талқылады. Кездесу барысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы адамның өлкемен, туған жерлермен байланысын нығайтуға, ғылыми-білім беру және инфрақұрылымдық қолдауды қамтамасыз етуге — туған өлкенің тарихын, географиясын, нысандарын зерттеуге, оны абаттандыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Соңында Қ. Шәкіров Президенттің мақаласы еліміздің барлық өңірінде маңызды қоғамдық-мәдени оқиға екенін атап өтті.

 IMG_0455 IMG_0461 

О. Түсіпов-Павлодар облысы Баянауыл ауданының ТЖБ бастығы

Система Orphus