Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
43
173
674358

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG_9769

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Екібастұз гарнизоны қызметкерлерінің спорттық жетістіктері

Фото силовые структуры

Дене шынықтырумен айналысу, салауатты өмір салтын жүргізу азаматтық қорғау қызметкерінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Өрт сөндіруші-құтқарушылар әрқашан физикалық түрде болуы, кез келген штаттан тыс жағдайда тез әрекет ету дағдысын меңгеруі тиіс.  Жыл бойы Екібастұз гарнизонының жеке құрамы барлық өткізілетін спорттық іс-шараларға белсене қатысады.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Астанасының 20–жылдығына және Павлодар облысының 80-жылдығына арналған Екібастұз қаласының құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының командалары арасында жазғы олимпиадалық, ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша VІ-ші қалалық кешенді спартакиадада №14-МӨСБ және №32-ӨСБ жеке құрамы жалпы командалық 1-ші орынды иеленді.

 

Біздің қызметкерлер аталмыш спартакиаданы үшінші рет қатарынан ұтады, бұл біздің балаларымыздың жақсы физикалық пішінін көрсетеді. Сонымен қатар, №14-МӨСБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қыдырмоллаев Думан Нығметұлы Екібастұз қаласы әкімінің "Спорт көшбасшысы" номинациясы бойынша грамотасын табыс етті.

Әр спорт түрінде жыл бойы біздің қызметкерлер жүлделі орындарға ие болды.

Спартакиаданың жабылуын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Ж.А. Солтанбеков жүргізді және біздің қызметкерлерге белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ бірінші орын алған Екібастұз қаласы әкімінің дипломы, кубок және бағалы сыйлық табыс етті.

      20181227_141022_resized  IMG-20181227-WA0023 

IMG-20181227-WA0006

14-МӨСБ бастығының орынбасары

азаматтық қорғау капитаны - К.Жұмабай

Система Orphus