Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
123
260
751588

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Өрт қауіпсіздігі туралы тікелей эфирде…

Айтарым бар

"Айтарым бар" бағдарламасының тікелей эфиріндегі әңгіме тақырыбы "Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету" болды. Сонымен қатар телекөрермендерді тұрмыстық өрттер неге және қандай себеппен пайда болады деп қызықтырды. Кәмелетке толмаған балалар бейберекет құрбандары болатын қайғылы жағдайларға кім кінәлі? Жаңа жылдық мерекелерде қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қандай шаралар қолданылады?

Осы сұрақтарға студияда Павлодар облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Қайыргелді Әлімқан және Павлодар қаласы ТЖ басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры Тілекжан Галлямов жауап берді. 

Бірінші кезекте бағдарлама спикерлері телекөрермендердің назарын өрттің пайда болуының негізгі себептеріне аударды.

Бірінші фактор: бұл халықтың отты абайсыз пайдалануы – 409 өрт оқиғасы 205 жоғарыда айтылған себеппен болды.

Қалғандары электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзуға, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға, бөтен мүлікті қасақана жоюға және табиғи факторларға тиесілі.

Сондай-ақ өртті мемлекеттік бақылау қызметкерлері тікелей эфирде өртке қарсы қызметті жаңғырту және жаңа техникамен және жабдықтармен жабдықтау туралы айтып берді. Күн сайын авариялық-құтқару бөлімшелері өртке және жануға ондаған шығулар жасайды.

Ағымдағы жылы Павлодар облысы ТЖ департаментіне тоғыз өрт сөндіру техникасының кілті табыс етілді.

Жаңа жылдық ертеңгіліктер мен корпоративтік мерекелерді қауіпсіз өткізуге келетін болсақ, бір ай ішінде өртті мемлекеттік бақылау инспекторлары жергілікті полиция қызметімен бірлесіп пиротехникалық өнімдерді сақтау және сату орындары бойынша 19 рейдтік іс-шара өткізді.

Рейд барысында талаптарға сай келмейтін 220 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленді. Сондай-ақ облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларымен (77 Нұсқаулық), (өртпен, улы газбен уланумен, пиротехниканы қолданумен байланысты жиілеп кеткен ТЖ бойынша) профилактикалық жұмыс барысында 457 адам қамтылып, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 316 дана жадынамалар таратылды. Адамдар көп жиналатын объектілерде 410 жадынама табыс етілді.

Сондай-ақ, 145 мерекелік іс-шаралар өткізу орындарына (114 білім беру нысаны, 31 Мәдениет үйі) тексеру жүргізілді. 103 бұзушылық анықталды, сол жерде жойылды.

Бағдарлама қатысушылары басшыларға жүгінді, сондай-ақ облыстың барлық тұрғындарына, ұйымдастыру және өткізу кезінде жаңа жылдық іс-шараларды бұлжытпай, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау туралы айтты. Кез келген өрт пайда болған жағдайда дереу өрт орнынан эвакуациялауға кірісіп, "101"-ге және құтқару қызметінің "112" телефонына қоңырау шалуға болады. 

Павлодар облысы ТЖ департаментінің

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Система Orphus