Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
153
453
697346

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

56571272_383475988907895_5052385347497009903_n

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Тұрғын үй секторында тұрмыстық газды қауіпсіз пайдалану бойынша брифинг

+ Фото спикеров - 1.

Ағымдағы жылдың 8 қаңтарында Өңірлік коммуникация қызметі алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізілді. Республикалық және облыстық телеарналардың тілшілерімен кездесу тақырыбы Тұрғын үй секторында газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздікке арналды.

Спикерлер ретінде Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының міндетін атқарушы    Қ. Әлімқан және ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы С. Сытник сөз сөйледі. Ресей Федерациясының Магнитогорск қаласындағы көп қабатты тұрғын үйде газ жарылысынан болған қайғылы оқиғадан кейін мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесіп тұрмыстық газ пайдаланылатын тұрғын үй секторы бойынша тексерулер мен рейдтерді қайта бастады.

Спикерлер 2018 жылы өңір аумағында газ-ауа қоспасының шарт етуі  мен  тұтануының 4 оқиғасы тіркелді, онда бір адам қаза болды және 3 адам зардап шекті. Осындай жағдай 2017 жылы да байқалды.

Газды қолдану кезіндегі өрттердің басым бөлігі газ плиталары мен баллондарды дұрыс пайдаланбау салдарынан орын алады,- деп атап өтті спикерлер. Газ баллондарын халыққа сататын фирмалар негізінен газ баллондарын оларды орнатпай және газ плиталарына техникалық қызмет көрсетпей сатуды жүргізеді. Сондықтан да пәтерлерде газ баллондары мен плиталарын дұрыс пайдаланбағаны үшін үй иелері жауапты болады. Сөз сөйлеушілер тұрғын үй секторында газды орнату және пайдалану кезіндегі негізгі ережелерді егжей-тегжейлі түсіндірді.

"Баллон-қауіпті қысыммен жұмыс істейтін ыдыс. Оларға артық қысым мен бекіту арматурасын сынаудан өтуі бойынша талаптар бар" және бұл ережелерді көбінесе кейбір азаматтар елемейді.

Пайдаланушылардың көпшілігі, баллондарды автомобильді газбен толтыру станцияларында толтыруды жүзеге асырады, бұл ретте негізгі талап сақталмайды-бұл құйылатын газдың мөлшері, егер қатаң белгіленген көлемнен аз болса, ал егер көп болса, баллонның жарылуы мүмкін.

Газ баллондарын толтыру мен сатып алуды тек мамандандырылған газ толтыру станцияларында ғана жүзеге асыру, үй-жайларды жылыту үшін газды пайдаланбау, ыстық су астындағы баллондарды қыздырмау, пәтерлерде, үйлерде немесе жертөлелерде сақтаумен бірнеше данадан олардың қорын жасамау қажет. Газдың иісі анықталған кезде электр аспаптарын, жарықты және ұшқын мен от көздерін пайдаланбауға, үй-жайды желдету шараларын қолдану қажет.

Сонымен қатар спикерлер журналистерді кейбір азаматтар үшін жаңа жылдық мереке күндері қандай жылатарлық нәтиже көрсеткенін хабардар етті. Өрт кезінде төрт адам қаза тапты, олардың біреуі бала. Алдына ала себеп-өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзу, мас күйлерінде төсекте темекі шегу. БАҚ өкілдерінің қойылған барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

 + Алимхан К.З.-1. + Сытник С.Г.-2.  + Алимхан К.З.-1. (2)

Павлодар облысы ТЖ департаментінің

ТЖ алдын алу бөлімі

Система Orphus