Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
153
453
697346

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

56571272_383475988907895_5052385347497009903_n

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Тұрмыста газды пайдаланғанда абай болыңыздар

газ Тұрмыстық газ (пропан) өрт немесе жарылыстың пайда болуына  айтарлықтай  қауіп-қатер тудыратыны  барлығымызға мәлім. Газды қолданумен байланысты өрттердің көбі баллондарды немесе газ плиталарды дұрыс пайдаланбайтындықтан туындайды.  Қазіргі таңда елді мекендердегі газ баллондарын  жүзеге асыратын фирмалар, негізінде,  газ плиталарына  техникалық қызмет көрсетпейді және оларды орнатпайды, тек газ баллондарын сатумен ғана айналысады. 

Сондықтан пәтерлерде газ плиталар мен баллондарды дұрыс пайдалану үшін жауапкершілік үй иелеріне жүктеледі. Газ баллондарын  орнату және газ плиталарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің мына ережелерін қатаң сақтау керек. Газ баллонын сатып алғанның өзінде, газ баллонның клапанының өткізбеушілігі мен тығыздауыш резеңке сақинасының жағдайы  тексерілуі керек, бұны газ баллондарын жүзеге асыратын фирманың қызметкері істеуі тиіс. Сондай-ақ, газ баллонының пісірілген жерлерінің тұтастығын көзбен шолып тексеру керек. Газ баллонына плита редукторын орнатқаннан кейін редуктор клапанын ашу қажет, сонымен бірге плитаның шүмектері жабық қалпында болуы тиіс. Осыдан кейін сабынның көпіршігі көмегімен газ баллоны мен плитаның резеңке майтүтігі жалғасқан жерде редуктордың өткізбеушілігін (герметикалығын) тексеру керек. Жалғасқан жерде саңылаулар болса, сабынды көбікте көпіршіктер пайда болады, тап осы жағдайда редуктордың жағдайын тексеру керек, баллонның тығыздағыш резеңке сақинасының тұтастығына тағы бір рет көз жеткізу қажет.  Кез келген жағдайда жалғасқан жерлерде өткізушілік болғанда, газ плитасымен қолдануға тыйым салынады. Сондай-ақ, резеңке түтіктің тұтастығын көзбен шолып тексеру қажет. Редуктордың өткізбеушілігін тексеру үшін ашық отты қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Дәл осылай газ плитасындағы газ түтіктерінің өткізбеушілігін кей-кейде тексеру қажет.

Газ плитасымен  қолданған кезде: жалғасқан жерлердің өткізбеушілігін тексерусіз газ плитасымен қолдануға; газ плитасын қараусыз қалдырмаңыз; - балаларға плитамен қолдануға жол бермеңіздер; плитада жанғыш сұйықтықтарды жылытуға тыйым салынады. Егер Сіз болмай қалғанда, плитадағы от сөніп қалса, сақ болыңыз, темірпеш қақпағында тағамның  қайнап тасығанынан газ баллоннан  үй-жайға шығып жайылуы мүмкін екендігін есте сақтаңыздар.   Үй-жайда газды-ауа қоспасы пайда болуы мүмкін, осы жағдайда  кез келген от немесе ұшқын өртке әкеп соқтыруы мүмкін.

Газ баллонының тұтануы пайда болған кезде тыныштық сақтау керек және газ баллонының жарылысы тек  баллонға сырттан түскен  жоғары температура әсерінен ғана болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыздар. Тұтануды өшіру үшін баллонды дымқыл матамен нықтап жабу керек. Тап осы жағдайда баллонды сумен сөндіру ешқандай нәтиже бермеуі мүмкін. Егер баллонды сөндіру мүмкін болмаса, багр немесе басқа ұқсас заттың көмегімен пәтерден жанып жатқан баллонды шығару және 101 телефоны бойынша өрт күзетін шақыру қажет.

А. Асқарова

Павлодар облысы ТЖ департаменті

 Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және

 профилактикалық жұмыс басқармасының бас маманы

Система Orphus