Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
158
453
697351

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

56571272_383475988907895_5052385347497009903_n

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы ТЖ департаментінің аудандық бөлімшелерінен жаңалықтар

 1 фото по текстуАқсу қ. ТЖ бөлімі! Бөлім қызметкерлері қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтуде. Апта сайын Еңбек ауылының Белая су ағынының мұз қалыңдығы өлшенеді, сондай-ақ балық аулау әуесқойларына жадынамалар таратылып, мұздағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі уақытта мұздың беріктігі мен қалыңдығына қарамастан өзенді өту өте қауіпті. Мұз өткелдері бойынша қозғалғанда өте сақ болу керек.  Өткелге кіру кезіндегі жылдамдық сағатына 10 шақырымды  аспауы тиіс.

 

 Сондай-ақ, көліктің есіктерін ашық ұстау, қауіпсіздік белдіктерін тақпай, бос ұстау ұсынылады. Жолаушылар көлік құралынан түсіріліп, жаяу өткел өтеді. Егер бір мезгілде екі автокөлік қозғалса, өткелге кіреберісте көрсетілген көлік құралдарының арасындағы қашықтықты қатаң сақтау қажет.

Тереңкөл ауданының ТЖ бөлімі! Гарнизонның жеке құрамы Жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірлесіп демалыс күндері апта сайын рейдтік іс-шаралар өткізеді, мамандар отбасыларға көңіл бөледі. Онда көбінесе иелері өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзады. Аудандық орталықтың Тереңкөл және Песчаное ауылдарында рейд барысында 33 үйде 108 адамды қамтумен әңгімелер мен нұсқаулықтар өткізілді. Рейд барысында үй тұрғындарымен жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.

Железин ауданының ТЖ бөлімі! Железинка с.орталық алаңында аудандық жәрмеңке өткізу барысында бөлім мамандары 22–ӨСБ қызметкерлерімен бірге тұрғындармен және сатушылармен жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша әңгімелер мен нұсқаулықтар өткізді. Кездесу барысында қызметкерлер тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін түсіндірді, ашық отты және электр құралдарын пайдалану кезінде қырағылықты сақтауға шақырды. Жаңа басталған өртті сөндіру тәсілдері, өрт кезіндегі іс-әрекеттері туралы, дабыл сигналын байқаған кезде 112 және 101 нөмірлеріне хабарлау және өз мекенжайын хабарлау. Жақын көршілерді хабардар ету, адамдарды құтқаруды және өртті сөндіруді ұйымдастыру қажет екендігі туралы кеңес берді. 

 

 DSC01635 IMG_8525 IMG-20181222-WA0010 IMG-20181222-WA0014 PHOTO-2018-12-08-11-47-41 PHOTO-2019-01-06-15-48-51

Павлодар облысы ТЖ департаментінің

Железин,Тереңкөл аудандарының ,

Ақсу қ. ТЖ бөлімдері

Система Orphus