Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
535
289
698288

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

56571272_383475988907895_5052385347497009903_n

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысының Екібастұз өңірінде қысқы кезеңнің өтуі туралы жағдай бойынша брифинг

IRE_6978

Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының мәжіліс залында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Өңір журналистерімен кездесу тақырыбы Жылыту кезеңінің өтуі және қысқы кезеңдегі тұрғындардың іс-әрекеті болды.

Спикерлер ретінде қалалық ТЖ басқармасы бастығының орынбасары  Д. Байсанбаев және өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы Ж. Майманов сөз сөйледі. ТЖ қызметкерлері өткен жылы қала мен ауылдық аймақта тіркелген оқиғалар бойынша, қыс мезгілінің өтуі және ағымдағы жағдайды егжей-тегжейлі баяндап берді.

 

 Сондай-ақ спикерлер жоғары дәрежелі қауіп-қатер объектілеріндегі өрт қауіпсіздігін тексеру қорытындысы мен орын алған өрттер туралы ақпаратты айтты. "2018 жылы Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының Өртті мемлекеттік бақылау бөлімі өрт қауіпсіздігі саласында 192 тексерісті жүргізді. Өрт пен өртенудің 90 пайызы азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан болды.

Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары   Д. Байсанбаевтың сөз сөйлеуі "Крещение Господне" мерекелік іс-шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне арналды. Жыл сайын өңір аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша купелдер жайластырылады. Құтқарушылар полиция өкілдерімен бірлесіп суға шомылу кезінде шаралардың сақталуын қамтамасыз етеді.

ТЖ қызметкерлерінен басқа брифингке Ивер-Серафимовск соборының протоиерейі И. Попов, жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Е. Букаев, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, АҚ және ТЖ штабының бастығы   И. А. Набиуллин, құтқару бөлімшесінің басшысы Б. Жандарбеков, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бас дәрігерінің орынбасары А. Ж. Авутбаев қатысты және сөз сөйледі.

Журналистер  бірқатар сұрақтарды қойды, оларға құзырлы жауаптар берілді. Брифинг соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында "Нұр Отан" партиясының ЭГФ-мен тұрақты негізде өткізілетін бірлескен іс-шаралар талқыланды.

 IRE_6983  

 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы

 

Система Orphus