Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
15
558
775512

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Екібастұз гарнизонының өрт сөндіруші - құтқарушыларының күнделікті жұмыс күндері

20190418_150035_resized

2019 жылғы 6 тамызда  сағат 09.33-те №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Б. Момышұлы көшесіндегі пәтерлердің бірінен шыққан қатты түтін туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде  № 2 МӨСБ-2 кезекші ауысымының күштері мен құралдары бір АЦ және АЛ-30 жіберілді. Шақырту орнына келген соң, барлау барысында кіреберісте түтін шығып, пәтердің темір есігі жабық, сондай-ақ үй иесі көршілерінің айтуы бойынша пәтерде екені анықталды.

Бұдан кейін 2-МӨСБ аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Дидар Серікұлы Түсіпов газ-түтіннен қорғау қызметі буынының автосаты арқылы балкон арқылы пәтерге кіру туралы шешім қабылдады. Пәтерге кіргеннен кейін, газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны пәтер иесі тамақты дайындау кезінде тамақты плитада қараусыз қалдырып, өзі ұйықтап қалғанын айқындады.

2-МӨСБ қызметкерлері түтіндеген пәтерді бірден желдетіп, 1935 жылы туылған үй иесін көшеге шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Келісілген және жедел іс-қимылдарының барысында, сондай-ақ дұрыс қабылданған шешуші бағытпен өрт сөндірушілер пәтер иесін құтқарып, пәтердің жануының алдын алды.

Өрт сөндіруші мамандығы-әлемдегі ең күрделі мамандықтардың бірі. Сіз жылжымалы сатымен өрмелеуді, газқағарды пайдалануды, қалың түтінге жылжуды, жүгіруді, секіруді, ауырлықты көтеруді үйренесіз, бірақ ең қиыны-бұл әр сәтте біреудің өмірін құтқару үшін өз өмірлерін тәуекел етуге дайын болу.

Нағыз өрт сөндіруші шаршаудың не екенін білмейді, "мен істей алмаймын" деген сөздерді білмейді. Тәуліктің кез-келген уақытында, кез-келген ауа райында, ыстық және қатты аязда, кез-келген жағдайда және көңіл-күйде ол өрт пен суға баруға дайын. Өрт сөндірушілерде жауынгерлік есеп сияқты түсінік бар-бұл өртке шығатын команда.  Атауы өте дәл.

Барлық уақыттарда адамдар өрттерге тап болды. Барлық уақытта оларды құтқарды, оларға көмек қолын созды. Қиын жағдайға тап болған кезде қайғыларына ортақ болатын. Бөтен адамды сезіну, бөтен қайғыны өзінің жеке қайғысындай қабылдау көптеген адамдарға тән. Бірақ кейбіреулері ерекше дәрежеде. Міне, олар кәсіби өрт сөндірушілер болып, осындай адамдардан Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері құрылады.

Құтқару және көмек көрсету, бұл мақсат әр өрт сөндірушінің алдында күн сайын тұрады. Олар үшін қысылтаяң жағдай-қалыпты жұмыс күні.

 20190806_100248_resized

20190806_100324_resized

Screenshot_20190806-171926_Video Player  

Қ. Жұмабай

2-МӨСБ бастығының орынбасары

азаматтық қорғау капитаны

Система Orphus