Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
15
558
775512

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

ТЖ департаментінің бастығы Аққулы ауданына жұмыс сапарымен барды

4

Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Сапарұлы Өтегенов танысу іссапарында Аққулы ауданына барды.

Сапар барысында суға түсу және өрт қауіпті кезеңінен өту мәселелері талқыланды, сондай-ақ су айдындарындағы апат тәуекелдерін төмендету және оларды шешу жолдары қаралды. Ернұр Сапарұлы жағажайларды аралап көрді, карта бойынша Ертіс өзенінің су айдынын зерттеді.

Төтенше ведомство басшысына су айдындарының түбін тазарту, ұйымдастырылған демалыс орындарында, шектеу белгілерін орнату, жүзу құралдары мен құтқару жабдықтарының болуы бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндалды. Суға шомылу маусымы кезеңінде жұмысты жақсарту үшін халықтың судағы жаппай демалатын орындарында жұмысты күшейту, ЖПҚ нарядтарының патрульдеу мәселесін пысықтау тапсырылды, сондай-ақ суға шомылу үшін қосымша орындар ашу және жабдықтау бойынша мәселені әкімдікпен бірге шешу қажеттілігі туралы атап өтті. 

Содан кейін ТЖ аумақтық органының бастығы көктемгі су тасқыны кезінде су басу ықтимал учаскесін қарап шықты.

Аққулы гарнизонының жеке құрамымен кездесіп, материалдық-техникалық базаның өзекті мәселелері қаралды. Өрт сөндіру бөлімдерінің негізгі және қосалқы техникаларының байқауы ұйымдастырылды. Гарнизонның жеке құрамымен кеңес өткізді, қызметтік тәртіптің жай-күйіне, жеке құрамның қызметтік-әскери тәртіптің сақталуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына басты назар аударылды.

Жағдайды зерделегеннен кейін ТЖ департаментінің бастығы Аққулы ауданы әкімінің орынбасары Р.С. Тастамбековпен кездесті, онда орманды өрттен сақтау мәселесі талқыланды.

Аудандық бөлімше бастығына әр түрлі төтенше жағдайларға жедел ден қою бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 1 2 3  5 6 7 8 9 10 11 12

 

Павлодар облысы ТЖ департаментінің

ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Система Orphus