Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
13
558
775510

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар қаласында «Арнайы көлікке жол бер!» науқаны өткізілді

Павлодар қаласының жолдарында түрлі-түсті және дыбыс сигналдары қосылған, жылдамдығынан адамдардың өмірі мен денсаулығы байланысты болатын, оқиға орнына асығып бара жатқан өрт сөндіру көліктерін көруге болады. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, көк түсті жарқылдауық маягі және арнайы дыбыс сигналы қосылған көлік құралы жақындаған кезде жүргізушілер аталған көлік құралының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жол беруге міндетті. Алайда кейбір автоәуесқойлар бұл ережені жиі бұзады.

Автокөліктердің жедел қызметтерді өткізу бойынша Павлодар облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Павлодар облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірге «Арнайы көлікке жол бер!» науақанын өткізді. Павлодар қаласының № 3 өрт сөндіру бөлімінің бір автоцистернасы жұмылдырылды.

Арнайы түсті-графикалық бояуы бар, жарқылдауық маяктары мен дыбыстық сигналдары қосылған автоцистерна қаланың ең жанданған жолдары мен қиылыстарында жүріп өтті. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 1 Май, Катаев, Ломов, Шөкин, Толстой көшелер. Осы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері өрт сөндіру автоцистернасының кабинасында арнайы көлікке жол бермеген жүргізушілерді бейнеге түсіріп, барлық фактілерді анықтады.

Өкінішке орай, рейд көрсеткендей жүргізушілердің көбі шақыруға асығып бара жатқан арнайы автокөліктерге жол беруді қажет деп есептемейді.

Павлодар облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру техникасының өтуі және жол жүру ережелерін еске салады:

- аталған арнайы сигналдары бар көлік құралы жақындаған кезде жүргізушілер арнайы көліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жол беруге міндетті;

-  аталған көлік құралын басып озуға тыйым салынады;

- көк түсті жарқылдауық маягі қосылған тұрған көлік құралына жақындай отырып, жүргізуші қажет болған жағдайда дереу тоқтау мүмкіндігі болуы үшін жылдамдықты төмендетуі тиіс;

- тұрақ немесе тұрақ орнын таңдай отырып, арнайы техниканың кіре берісінің бос орнын қалдыруды ұмытпаңыз.

 

Павлодар облысы ТЖД «Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»  ММ

Система Orphus