Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
19
574
778907

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері патриоттық әндердің Арт- фестиваліне қатысты

IMG-20190809-WA0014

Конституция күнін мерекелеу қарсаңында және Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев жариялаған Жастар жылы аясында Павлодар облысының Полиция департаментінде «Әр жүректе-туған жер!»  атты патриоттық әндердің облыстық іріктеу арт-фестивалі өтті. Бұліс-шараның мақсаты қызметкерлердің мәдени және рухани деңгейін арттыруға және патриоттық тәрбиеге бағытталған. Байқау 20-30 жас аралығындағы жас қызметкерлердің арасында вокал номинациясы бойынша өткізілді. Фестивальға Полиция департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Мамандандырылған қызмет күзеті басқармасының және Қылмыстық атқару-жүйесі департаментінің  қызметкерлері қатысты.

Бұл байқаудың бірінші туры, келесі турлары 19-21 тамыз аралығында Қарағанды қаласында өтеді, ал үшінші кезеңі - кәсіби мереке –Құтқарушы күні қарсаңында Петропавл қаласында өтеді.

Павлодар облысы азаматтық қорғау органдарының гарнизонынан Ақсу қ. № 10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Бақберді Қағамбаев және Май ауданы № 19 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Төлешов Дияз  қатысты.

Бақберді және Дияз жұмысты байқаумен қатар алып жүргеніне қарамастан, іске өте байсалды кірісті. Олар вокалмен бірінші жыл айналысып жүрген жоқ, сонда да толқусыз және күмәнсіз болған жоқ. Бақберді "Родина" әнін орындады, Дияз байқауға Б. Шүкенов авторы болып табылатын "Отан Ана" әнін таңдады.

Зал осы екі композицияны ыстық және шын жүректен қабылдады. Бірақ байқаудың әділ қазылар алқасы жас таланттарға келесі турға өту үшін эмоциялар, экспрессиялар, сондай-ақ вокалдық шеберлік жетіспеді деп есептеді. Алайда, біздің қызметкерлеріміз нағыз балуандар болып табылады және келесі маусымның фестивалінде өз күштерін тағы да сынап көруді шешті, оның үстіне қатысу тәжірибесі бар, ал табандылық пен күш – жігерімізді құтқарушы мамандығы қосады.

  IMG-20190809-WA0022 Screenshot_2019-08-12-16-41-23-1

Павлодар облысы ТЖ департаментінің

"Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

 

Система Orphus