Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
181
562
778495

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Екібастұз гарнизонының қызметкерлері оңтүстік өңірлерден көшіп келген отбасыларымен кездесуде өз қызметтерімен таныстырды

20190808_152455_resized

Екібастұз қаласының "Өнер" қалалық мәдениет орталығында Қала әкімінің "Нұрлы Ертіс" бағдарламасы бойынша Нұр-сұлтан қаласынан қоныс аударған отбасыларымен кездесу өтті.

Іс-шараны Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Кемерұлы Әшімбетов ашып, қандай да бір лауазымға қанша маман қажет екенін атап өтті.

Бұл күні Екібастұз қаласы әкімдігінің әр түрлі қызмет салаларын таныстыратын барлық бөлімдері қатысты.

Екібастұз қаласы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. Ш. Қажыбеков және № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау капитаны Т. Қ. Айсабеков гарнизонның қызметі туралы толық ақпарат беріп, бөлімшенің тұсаукесерін өткізді.

Осы кездесу барысында қызметкерлер азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу ерекшеліктері, мемлекеттік қызметке тестті тапсыру, азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеру тәртібі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ Комитеті Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқу факультетіне түсу тәртібі туралы айтты.

Қазіргі уақытта "В, С"санаты бар өрт сөндіру автокөлігіне жүргізуші-қызметкерлер қажет екендігіне назар аударды.

Кездесу барысында қоныс аударушылар бос орындардың тізімімен танысып қана қоймай, сауалнаманы толтыра алды, түйіндеме беріп, бастапқы әңгімелесуден өте алды. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша көптеген адамдар азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу туралы қызығушылық танытты. Барлық қойылған сұрақтарға бағыттар бойынша толық жауап берілді.

20190808_163444_resized  20190808_162226_resized 20190808_162325_resized 20190808_163138_resized  

Қ. Жұмабай

2-МӨСБ бастығының орынбасары,

азаматтық қорғау капитаны

 

Система Orphus