Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
18
558
775515

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Шөп дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

фото сена Павлодар өңірінде ірі жем-шөпті дайындау толық жүріп жатыр. Онда мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары қатысады. Көп күнгі еңбек санаулы минуттарда отпен жойылғанда ең өкініштісі сол.

Жыл сайын шөпті жинау және сақтау кезінде тұрғындардың отты абайсыз қолдануы және балалардың отпен ойнауы себептерінен көп өрт болады. Мәселен, жыл басынан бастап шабындық шөпті сақтау бойынша жеке меншік үй аумағында 30-дан астам өрт орын алды.

ТЖ аумақтық органының мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлері ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтерінің басшыларына жүгінеді. Шөпті жинау және сақтау кезінде ірі азықты сақтау орындарына тасу және жинау бойынша сенімді техниканы дайындау және дұрыс ұйымдастыруға ерекше көңіл аударыңыз. Бұл іс-шаралар көп уақыт пен ірі көлемдегі шығынды қажет етпейді. Осы жағдайды пайдаланып өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын естеріңізге саламыз:

- Шөпті дайындау және жинау жұмыстарына тек қана ұшқын сөндіргіш пен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған автотехника жіберіледі. 

- Шөпті жинақтау аумағы жанғыш қоқыстан тазартылған, шеті қоршалған немесе мүмкіндігінше су көздеріне жақын орналасуы қажет. 
Отаудан электр өткізу желілеріне дейінге арақашықтық 15 метрден аспай, жолдарға дейін 20 метрден кем болмауы керек. 

- Шөпті тұрғын құрылыстарының жанына қоралар шатырына жинауға және сондай-ақ өту және жүру жолдарын бөгеуге болмайды. 

- Шөпті көлікпен тасымалдау кезінде жинау биіктігі 4,5 метрден аспауы керек.

 Құрметті азаматтар!

Отты пайдалану кезінде ойланбай әрекет етпеңіз! Астықты нанды сақтағандай қорғау керек!

Ірі жемді дайындау және сақтау орындарында отты пайдалану кезінде аса абай болу керек, сөндірілмеген ошақ, ыстық аптап ауа-райындағы тасталған сіріңке немесе темекінің қалдығы арты толмас қайғыға әкеліп соғуы мүмкін.

Өрт астық жинау техникасына, тракторларға, автомобиль және өзінен жүретін шассиге жанар-жағармайды құюда белгіленген ережелерді бұзу кезінде шығуы мүмкін. Төгіліп қалған май, бензин, керосин және басқа да жеңіл тұтанатын және жанатын сұйықтар үлкен қауіп-қатер көрсетеді. Жану жүйесіндегі, ауыл шаруашылық агрегаттар құбырларындағы ұшқын сөндіргіштер болмаған кездегі ұшқындар, агрегаттар торабындағы жиналып қалған  сабан массасының үйкелуі алқаптағы және пішендік жерлердегі өрттің себебі болуы мүмкін.

Отты пайдалану кезінде ойланбай әрекет етпеңіз! Астықты нанды сақтағандай қорғау керек!

 

          Павлодар облысы ТЖД

Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту

және азаматтық қорғау саласындағы

бақылау басқармасы 

Система Orphus