Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
62
340
777224

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысында білім беру нысандарының оқу жылының басталуына дайындығы туралы брифинг өтті

+ Ахметов Ш.Г.-1.

2019 жылғы 15 тамызда Өңірлік коммуникациялар орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен білім беру объектілерінің оқу жылының басталуына дайындығы мәселесі бойынша брифинг өткізілді.

Спикерлер ретінде ТЖ департаменті Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы  бастығының міндетін атқарушы Шәкір Ахметов пен өңірдегі Білім беру басқармасының бастығы Дінислам Болатханұлы сөз сөйледі.

Сөз сөйлеушілер облыс аумағында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған 653 білім беру нысаны есепте тұрғанын атап өтті.

ТЖ аумақтық органының инженерлік-инспекторлық құрамы оқу жылының басына 360 білім беру нысаны тексерілді, оның ішінде 324 объектіде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы жойылды. 65 объектіде ұйғарымдардың мерзімі шыққан жоқ.

Өртке қарсы жағдайды талдау білім беру объектілеріне өрт-техникалық тексеру жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- автоматты өрт дабылының жұмыс істемейтін жағдайда болуы;

- терезелерде металл торлар орнатылған, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен қамту жұмыс істемейтін жағдайда;

- электр сымдарын монтаждау бұзушылықтармен орындалады,  электр сымдарының оқшаулау кедергісіне өлшеу жүргізілмеген;

- шатырдың конструкциялары өрттен қорғау құрамымен өңделмеген, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен толық жабдықталмаған;

- жертөле және шатырдағы үй-жайлар жиһаз және жанғыш қоқыспен үйілген, сыртқы өрт сатылары жарамсыз күйде болатынын көрсетті.

Білім беру объектілерінде өрттердің алдын алу мақсатында қалалар мен аудандардың ТЖБ (ТЖБ) инженерлік-инспекторлық құрамымен 8 741 адамды қамтумен 468 нұсқаулық жүргізілген. Білім беру объектілері басшыларының келісімі бойынша Павлодар облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ қалалар мен аудандардың өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері 46 өрт-тактикалық сабақ өткізді.

Павлодар облысы ТЖД Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің орталықтандырылған бақылау пультіне облыс орталығының аумағында орналасқан 49 білім беру нысаны, атап айтқанда 19 жалпы білім беретін мектеп, 10 мектептен тыс мекеме және 20 мектепке дейінгі балалар мекемесі шығарылды.

ТЖ департаментінің қызметкерлері осы объектілерде қатаң бақылау жүргізеді, өйткені білім беру объектілері Қазақстан Республикасының өсіп келе жатқан ұрпақтары оқитын адамдар көп жиналатын объектілер болып табылады.

 

Павлодар облысы ТЖ департаментінің 

                                                     ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Система Orphus