Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
14
558
775511

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысы! Облыстық мәслихаттың депутаттық комиссиясының отырысында халықтың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды

IMG_6283 Ағымдағы жылдың 19 тамызында облыстық мәслихаттың депутаттық комиссиясының отырысында халықтың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Комиссия отырысын тұрақты комиссиясының төрағасы Александр Владимирович Поляков жүргізді.

Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Е. С. Өтегенов ТЖ аумақтық органының қызметі, халықты және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғауды қамтамасыз ету туралы баяндама жасады.

Баяндамада спикер су тасқыны, өрт қауіпті және суға шомылу кезеңінде шұғыл қызметтердің алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Ағымдағы жылы су тасқыны кезеңі облыс аумағында елді мекендерге қауіп төндірмей өтті, автомобиль жолдары арқылы 6 рет су құйылды, олардың біреуі ғана жол төсемінің зақымдануына әкеп соқты, көлік қатынасы бұзылған жоқ, қалпына келтіру жұмыстары қысқа мерзімде жүргізілді. Баяндамашы алдағы 2020 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық басталғанын атап өтті.

Өрт қауіпті кезеңде облыс аумағында 237 дала жанулар тіркелді (2018ж. – 67), жалпы алаңы 8 759 га (2018ж. – 1 722 га), саны бойынша 3,5 есе және ауданы бойынша 5 есе өсті). Дала жануының негізгі себептері: жер пайдаланушылардың өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтамай өртеу және отты абайсыз пайдалану болып табылады.

Дала жануына жол бермеу шараларын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі күні 23 мобильді топ құрылды (азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және ЖАО санынан), жалпы саны 91 адам, олармен 189 рейдік іс-шаралар өткізілді, оның нәтижесінде 11 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушы анықталды, 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі күні облыста 203 ерікті өртке қарсы құрылым құрылды (саны 2 162 адам, 30 өрт сөндіру автомобилі және 410 бірлік бейімделген техника). Мәслихат депутаттарын газ және лифт шаруашылығының қауіпсіздігі мәселесі қызықтырды.

Өз кезегінде ТЖ департаментінің бастығы депутаттарға газ инспекциясын құру мәселесіне бастамашылық жасауды ұсынды және газ пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету ТЖ Департаментінің құзыретіне кірмейтінін, газ баллондарын жеткізумен және сатумен айналысатын объектілерді тексеру өтініш немесе шағым түскен кезде ғана мүмкін болатынын атап өтті.

Отырыс барысында орман және дала өрттерін сөндіру бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мәселесі қозғалды.  Орман алқаптарында өрттерді сөндіру жұмыстарын жақсарту үшін қандай мемлекеттік органдарды тарту қажет.

ТЖД бастығы өз сөзінде бүгінгі таңда азаматтық қорғау органдарында кадрлар жетіспеуі, атап айтқанда жұмыс тәжірибесі бар арнайы техника жүргізушілерінің мәселесі ашық күйінде қалып отырғанын атап өтті. 

IMG_6278 IMG_6280

Павлодар облысы ТЖ департаментінің

ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Система Orphus