Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
18
558
775515

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

35 жыл азаматтық қорғау қызметіне арналды

DSC_2117

Салтанатты түрде, Павлодар қ. № 30 жалпы орта мектебінің мәжіліс залында Павлодар облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Орат Серікұлы Исинов құрмет демалысына шығарылды.

Орат Серікұлы өз өмірінің 35 жылын азаматтық қорғау органдарына арнады. 1993 жылы Өзбекстан Республикасы ІІМ Ташкент өрт қауіпсіздігі инженерлер факультетін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Орат Серікұлы өз кәсіби жолын 1988 жылғы 31 қазанда Павлодар облыстық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасы өрт сөндіру күзеті бөлімінің № 40 мамандандырылған әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт қадағалау тобының инспекторынан бастады.

Осы уақыттан бастап ол осы қызметте әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2018 жылғы 15 қаңтарда «Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы болып тағайындалды.

Өзінің қауіпті, сонымен қатар жауапты еңбек жолында азаматтық қорғау полковнигі Орат Серікұлы Исинов ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ведомстволық наградаларымен  марапатталды.

Салтанатты іс-шарада құттықтау сөзімен Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Е.С. Өтегенов сөз сөйледі. "Сіздің арқаңызда Павлодар облысының аумағындағы төтенше жағдайлар мен өрттердің алдын алу және жою бойынша көптеген қызметтік-жауынгерлік міндеттер өте табысты орындалды. Өзіңіздің мол тәжірибеңізді жылдан жылға өскелең ұрпаққа табыс еттіңіз. Сізге күрделі және айтарлықтай атқарған еңбегіңіз үшін шын алғысымды білдіремін", - деді Ернұр Сапарұлы. 

Ардагерлер кеңесінің төрайымы К.Х. Асқарова «мейрам иесін» зейнеткерлікке шығуымен шын жүректен құттықтап, сонымен қатар жаңа және тәжірибелі қызметкерді ардагерлер қатарына қабылдап, «зейнеткер» куәлігін табыс етті.

«Сіз өз ісінің шебері болып табылдыңыз, Сіз жас қызметкерлермен өз біліміңіз және тәжірибеңізбен бөлістіңіз. Қызметке деген адал қарым-қатынасыңыз және  жеке қасиетіңіздің арқасында гарнизон қызметкерлері арасында құрмет пен беделге ие болдыңыз»,- деп атап өтті өз құттықтау сөзінде Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Н. Мұрсалиев.

О. Исиновті «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары В.М. Власов және ардагерлер, тәлімгерлер, Павлодар қаласы гарнизонының барлық өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтары, сондай-ақ ММ аппараты және басқа да әріптестері құттықтады.

Құрметті демалысына концерттік нөмірлермен шығарып сала отырып, әріптестер естелік сыйлықтар мен құттықтау роликтерін көрсетті. 

     

 DSC_1755 DSC_1761 DSC_1779 DSC_1807 DSC_1858 DSC_1879 DSC_1942 DSC_2012DSC_2131

DSC_2127 DSC_1845 

А. Жақыпова

«Павлодар облысы ТЖ департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

Система Orphus