Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
16
558
775513

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Азаматтық қорғау қызметкерлерінің "Мектепке жол" акциясына қатысуы

 IMG_6449Павлодар облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясының аясында "Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаттың 15 баласына  көмек көрсетті.

Аумақтық ТЖ органы аппаратының жеке құрамы осы мектептің тәрбиеленушілеріне екінші жыл қамқорлық жасайды.

ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник С. Т. Асайынов аталмыш мекеменің басшысы Нұрсәуле Қайркенқызы Төлемісовамен жеке кездесті және бірінші сынып оқушыларына арналған кеңсе керек-жарақтарын табыс етті. Жаңа оқу жылында үлкен жетістіктер мен мойынсұнғыш балалар тіледі. 

Нұрсәуле Қайыркенқызы қамқоршыларға оқу мекемесінің кабинеттері бойынша экскурсия жүргізді, онда осы мектеп тәрибеленушілерінің шығармашылық жұмыстарын көрсетті, онда балалар мұғалімдердің басшылығымен өз қолдырмен ұсақ-түйек заттарды, суреттерді жасайды, мектеп аумғын көріктендіреді.

Мамандандырылған мектеп-интернатта арнайы жабдықталған шеберхана мен тігін бөлмесі бар, онда балалар өз қолдарымен іс-шараларға арналған костюмдер тігеді, ал жоғары сынып оқушылары өз қолдарымен киіз үй қойып, барлық элементтер мен құрал-жабдықтар оқушылардың күшімен жасалған.

Оқу орнында оқытушылардың ұйымшыл және шығармашылық ұжымының арқасында жайлы атмосфера құрылды, бұл балаларға өздерін үйде сияқты сезінуі  үшін маңызды. 

Мектеп-интернаттың ұжымы мен тәрбиеленушілері азаматтық қорғау қызметкерлеріне қамқорлық пен көңіл бөлгендері үшін алғыстарын білдірді.

 IMG_6446 IMG_6458 IMG_6475 IMG_6511 IMG_6524 IMG_6527 IMG_6532

 

Павлодар облысы ТЖ департаментінің

ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Система Orphus