Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: 
Павлодар облысы ТЖД ақпарат береді:

 Павлодар облысы ТЖД сенім телефоны:

53-60-57

ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны:

1402

Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын ұялы топтың телефон номерлері

55-25-23, 55-25-53, 55-77-08

Шұғыл телефондар

Құтқару қызметі
112 112 112 112
ТЖ туындауы кезінде қауырт желі жұмыс жасайды
201-112   201-112  
Өртке қарсы қызмет
101 101 101 101
БКДК басқармасы
8 (7182) 32 36 92, 8 (7182) 53 57 49

Авторизация

Пайдаланушыларды есепке алу

Бүгін
Кеше
Барлығы
15
558
775512

Президентінің жолдауы

Қазіргі заман қаһармандары

Күн суреті

IMG-20190803-WA0168

 

 

 

 

Моб прил

 

 

 

 

Павлодар облысында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Өрт және адамдардың қаза болуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ жылу беру маусымы басталар алдында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2019 жылдың 15 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында облыс аумағында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығын жариялады. 

Айлық бірінші кезеңінің басты мақсаты-пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Аталған жұмыс "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ және Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп әлеуметтік осал  топтары бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу, тұрғын үй секторларын аралауды сүйемелдеу жолымен жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сөз сөйлеу, профилактикалық сипаттағы бейнероликтерді облыстық телеарналарда және LED-экрандарда көрсету ұйымдастырылады. Сондай-ақ, интерактивті сабақтар, викториналар, дәрістер, жарыстар өткізу арқылы білім беру объектілерінде өскелең ұрпақпен кең ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғын секторда өрт қауіпсіздігінің айлығын өткізу, халықтың өрт қауіпсіздігі саласындағы жауапкершілік пен білім деңгейін арттыруға үміттенеді.    

Айнұр Асқарова

Павлодар облысы ТЖ департаменті

Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту

және азаматтық қорғау саласындағы бақылау

басқармасының бас маманы

Система Orphus